ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
414
Екінші кезең, ғарыш кешенінің экономикалық және саяси
жағдайымен тығыз байланыстағы, 1994–2004 жылдарды
қамтитын соңғы онжылдағы нормативтік-базалық кезең. Бұл
кезеңде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасында «Байқоңыр» кешенін жалға беру жағдайындағы
ғарыштық және әлеуметтік-құқықтық қызметтерді реттейтін,
30-дан астам халықаралық келісімшарттар мен келісімдер
жасалынды.
Үшінші кезең 2005 жылдан басталды. Бұл кезеңді мен
Қазақстанның іс жүзіндегі ғарыш қызметінің белсенді даму
кезеңі деп атар едім. Ол туралымен тереңірек айтқым келеді,
себебі ол осы саладағы біздің болашағымызды қамтиды.
«Б
әйтерек
» – Қ
азақстанның
ғарыштық
діңгегі
2004 жылы қаңтарда Астанада, Ресей Президенті Вла-
димир Путиннің Қазақстанға келген ресми сапары кезінде,
Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың мерзімін 2050
жылға дейін ұзарту туралы келісімге қол қойдық, бұл екі
жақтың ұзақ мерзімді ғарыш бағдарламасын білдіреді. Ал
дәл бір жылдан кейін, 2005 жылы 25 қаңтарда, мен өзімнің
Жарлығыммен Қазақстан Республикасының ғарыштық
қызметінің 2005–2007 жылдарға арналған мемлекеттік
даму бағдарламасын бекіттім. Осыған сәйкес, экологиялық
қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөнінде жоғары
талап қоятын зымырандық-ғарыштық кешеннің құрылысы
бойынша біріккен «Бәйтерек» Ресей-Қазақстан жобасын іске
асыру басталды.
Қазіргі кезге дейін техникалық және старттық кешендерді
құрудың жұмыс кестелерінің, сол сияқты «Бәйтерек»
зымырандық-ғарыштықкешенініңқұрылыстарын, техникалық
жүйесін және технологиялық құрал-жабдықтарын жасау
кестесінің жобалары жасалынды.