ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
412
электрорадиотехника техникумы, медицина училищесі,
кәсіптік-техникалық училище бар. Байқоңыр қаласының
халқы – 80 мыңға жуық. Байқоңырлықтар жылына Ресей
мен Қазақстанның 16 мерекесін атап өтеді.
Бүгінде Байқоңыр қаласында Ресей құрылымдарымен
қатар, Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік заң құзыретін
және Байқоңыр тұрғындарының тең жартысынан аста-
мын құрайтын Қазақстан азаматтарының конституциялық
құқықтарын қамтамасыз ететін қазақстандық басқару орган-
дары қызмет жасайды.
Қаладағы ресейлік кәсіпорындар мен мекемелерде
Қазақстан Республикасының жеті мыңнан астам азаматта-
ры жұмыс істейді. Өткен он екі жылда Байқоңырдағы қазақ
тілінде сабақ жүргізетін мектептердің саны бірден алтыға
дейін көбейді, яғни қаладағы мектеп үлгісіндегі оқу
орындарының тең жартысын құрайды.
Жалға берудің тағы бір шарты ғарыш саласында жұмыс
істеу үшін қазақстандық мамандарды дайындау бола-
тын, бұл мәселеге қазір ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы бес
жылдың ішінде Мәскеу авиация институтының Байқоңыр
қаласындағы филиалын Қазақстан Республикасы Білім
министрлігінің квотасына сәйкес ғарыш мамандықтары
бойынша жүзден астам адам ойдағыдай бітіріп шықты. 2006
жылы, министрліктің күш салуымен, мемлекеттің есебінен
оқитын студенттердің саны 100 адамға дейін көбейтілді.
Байқоңыр электрорадиотехника-байланыс техникумының
қырық жылдық тарихында Қазақстан Республикасының
жүздеген азаматтары Байқоңырда өз білімдеріне қолданыс
тапты.
Бүгінгі күні «Байқоңыр» ғарыш айлағы – техникаға
қаныққан ғылыми-техникалық кешен. Ғарыш айлағының
жердегі инфрақұрылымында, ғарыш аппараттарын, зы-