Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
411
сәйкес, Ленинскі қаласының мәртебесі өзгерген. Қазір ол,
бұрынғыша, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық
бөлшегі болып табылады, бірақ жалға беру уақытына сәйкес,
Ресей Федерациясының федералдық маңызы бар қалалары
қатарлы мәртебеге ие. Бұл қаланың Ресей Федерациясының
құзырына жататынын, қаржыландыру көздері де Ресейдікі
екендігін көрсетеді. Ленинскі қаласында тұратын Қазақстан
азаматтарының конституциялық құқықтарын Қазақстан Рес
публикасыПрезидентінің«Байқоңыр»ғарышайлағындағыар-
найыөкілі қорғайды.Меніңшешіміммен1995жылықаңтарда
осы қызметке Байқоңырдың ардагері, ғарыш айлағының
құрылысшысы Ерғазы Нұрғалиев тағайындалды.
Біртіндеп қала мен ғарыш айлағының тіршілік тынысы
қалпына келе бастады. 1995 жылы Байқоңыр тұрғындары
мағанЛенинскі қаласын Байқоңырдеп атау туралыұсыныспен
шықты және жылдың соңына қарай бұл шешім қабылданды,
қала өзінің қазақша Байқоңыр деген байырғы атын алды.
Ғарыш айлағымен бірге, 1955 жылы 5 мамырда сы-
наушылар поселкесінің құрылысы басталды, ол бас кезінде
«Заря» поселкесі деп аталды да, кейіннен, саяси ахуалға
байланысты, атын талай рет өзгертіп, Ташкент-90, Төретам
поселкесі, Ленинск, Звездоград поселкесі, Ленинскі қаласы
(21 маусым 1966 жыл) және, ақырында, 1995 жылы
20желтоқсанда бүгінгі, дүниежүзіне белгілі –Байқоңыр де-
ген атқа ие болды. Бүгінгі Байқоңыр – заңды түрде шөлдегі
жазира деп атауға тұратын, осы заманғы әлеуметтік-мәдени
және әкімшілік орталық. Қаланың инфрақұрылымында
1200-дей нысандар мен ғимараттар бар, тұрғын қоры
жалпы көлемі миллион шаршы метрден артық көп
қабатты 367 үйден тұрады. Қалада жалпы білім беретін
13 мектеп, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
9 мекеме, Мәскеу авиация институтының филиалы,