ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
410
Ізбасарлар туралы ойланудың керектігін жұрттың бәріне
жариялап айтқанда сол болатын. 1997жылыМұсабаевмаған
Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне үміткерлерді
дайындау мәселесінің созылып бара жатқандығы туралы
баяндамамен келді.
Осыдан кейін сұрыптаумен айналысатын жұмысшы тобы
құрылды. 800 адамның ішінен медициналық комиссиядан
тек төртеуі ғана өтті, ал Мәскеудегі негізгі медициналық
комиссияның талаптарына Мұхтар Аймаханов пен Айдын
Айымбетов қана сәйкес келді, олар осыдан кейін Жұлдызды
қалашыққа дайындықтан өтуге жіберілді.
Т. Мұсабаев «Союз ТМ-19» Ғарыш кешеніне бірінші
ғарыштық ұшу сапарын 1994жылы 1шілдеде жүзеге асыр-
ды, бортинженер ретінде Ю. Маленченкомен және В. По-
ляковпен бірге орбитада 126 сағат жұмыс жасады. Жалпы
ұзақтығы 11 сағат 07 минутқа созылған уақыт бойы екі рет
ашық ғарышқа шығуды іске асырды.
29 қаңтар – 25 тамыз 1998 жыл – Н. Бударинмен және
Л. Эйартицпен (Франция, 1998 ж. 19 ақпанға дейін), сол
сияқты Э. Томаспен (АҚШ, 1998 ж. 8 маусымға дейін)
«Союз ТМ-27» Ғарышкешені және «Мир» орбиталық кешені
командирі ретінде екінші рет ғарышқа ұшты. Ұшу барысын-
да жалпы ұзақтығы 30 сағат 08 минутқа созылған уақытта
5 рет ашық ғарышқашығуды іске асырды. Ұшудың ұзақтығы
207,5 тәулік болды.
2001 жылғы 28 сәуірден 6 мамырға дейін – «Союз
ТМ-32» Ғарыш кешені командирі ретінде Ю. Батуринмен
(бортинженері) және бірінші ғарыш турисі, АҚШ азаматы
Деннис Титомен бірге үшінші рет ұшуды іске асырды.
Әңгіменің хронологиясына қайтып орала отырып,
1995 жылды еске түсіремін. Мемлекетаралық келісімдерге