Page 410 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
409
Оның бірінші ұшу сапары кезінде жүргізген ғылыми
экспериментті әрі қарай жалғастыруды қажет етті.
Дәлел аз емес еді, бірақ азаматтықтың этикалық жағы
қаттыойландырды. Мен оның күдігін сейілттім: «Сен бұрын да
қазақ болатынсың, қазір де қазақсың, Қазақстанның ғарыш
бағдарламасын орындау үшін саған бұл шартқа баруың ке-
рек» дедім. Бір емес, үш рет ұшу сапарларының барысында
Т. Мұсабаев өзінің батылдығы мен ерлігін көрсетті. Т. Мұса-
баев 1998 жылғы екінші ұшу сапарында төтенше жағдайда
«Мир» орбиталық стансасын шын мәнінде құтқарып қалды
дегенді естігенде, мен таң қалған жоқпын. 2001 жылы
орбитаға ғарыштық бірінші турист, американдық миллионер
Деннис Титоны «апарып келу» тікелей соған тапсырылған
болатын. Екі елдің ғарыш бағдарламаларын орындаудан
басқа, Талғат мүмкіндігі бола қалған жағдайда Қазақстанға
көңіл бөлуге үлгіретін. Оның халықаралық «Азия дауысы»
фестивалін құттықтауы, ұлы Абайдың өлеңін ғарышта жүріп
айтуы, Қазақстанның жаңа астанасы – Астананың тұсау-
кесеріне қатысуы – соның көрінісі.
Қазақ тілінде ғарыштан лебіз есту адамның жан дүние-
сін қалай тебіренткенін қаланың халқы әлі де ұмытпаған
шығар, сірә. Орбитадағы бірінші жалау, мұсылмандардың
ғарыш нұрымен қасиеттелген Құраны, қазақ жерінің бір уыс
топырағы – осының бәрі Талғаттың атымен байланысты еді.
Ғарышқа ұшу барысында дажәне орбитадағыжұмыстары
аяқталғаннан кейін де, ол қашанда өзінің орнын қажетті жер-
ден тауып отырды.
Міне қазір де, белсенді ұшу қызметін аяқтағаннан кейін,
ол бірлескен Ресей-Қазақстан «Бәйтерек» кәсіпорнының бас-
шысы қызметінде жүріп, жаңа зымырандық ғарыш кешенін
құру жөнінде жауапты міндеттерді атқаруда. Жауапкерлігі
үлкен осы қызметке тағайындағанда тағы да Мұсабаевтың
ресейлік-қазақстандық болмысы ескерілді.