Page 409 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
408
ешбір жаққа басымдылық бергізбей, мемлекетаралық
мақсаттардың тең ортасында тұрды. Ұлы Одақтың осы бір
қолтума жұрағатыҚазақстан мен Ресейдің ортақ, бірақшөре-
шөре емес, сүйікті перзентіне айналды, ол өзіне кімыстық, кім
жақын деп еш уақытта ойламайды.
Бұған тек уақыттың өзі ғана бас төреші бола алады. Біздің
бірінші қазақ ғарышкері ұшқан сәттен бергі өткен он бес жыл
жәнежалға беру туралы келісімшартқа қол қойылғаннан бергі
он екі жыл бұл шешімнің дұрыс екендігін тағы да дәлелдеп
отыр.
Осы жылдары Ресей өзінің негізгі ғарыш бағдарламасын
орындау үшін басты старт алаңын сақтап, қайта жарақтан­
дырды.
Қазақстан, ресейліктермен тығыз ынтымақтастықтың ар­
қасында, екі ғарышкердің – ғарышта бірінші ұлттық ғылыми
бағдарламаны орындаған Тоқтар Әубәкіровтың және
Қазақстан Республикасының мүддесінде ғарыштық сапарда
үш рет болып, орбитаға шығудың ардагері атанған Талғат
Мұсабаевтың ұшуын қамтамасыз етті.
Қазақстанның ғарыштағы жетістіктері туралы айтатын
болсақ, Ресейдің Батырыжәне Қазақстанның Халық Батыры,
екі елдің ұшқыш-ғарышкері ТалғатМұсабаевтың рөлін ерекше
атап өткім келеді. Оның ғарышкер болып қалыптасу тарихы
Байқоңырдың тарихын таң қаларлықтай етіп қайталайды. Өзі
қазақ – ол ғарыштағы жұмыстарды жалғастыру үшін, Ресей
азаматтығын алды. 1994 жылғы бірінші ұшуынан кейін, ор-
битада бортинженер ретінде жарты жылдық вахтада болған
Талғат Мұсабаевқа Юрий Маленченкомен бірге Ресейдің
жоғары наградасы тапсырылды. Екінші рет ұшуға дайында-
лу қарсаңында ол менімен ақылдасты. Талғат экипаждың
командирі болып ұшқысы келді, бірақ ол үшін «Ғарыш тура-
лы» Ресей Федерациясының Заңына сәйкес, оған Ресейдің
азаматтығын алу керек болды.