Page 40 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
39
және отыз жылдан кейін қандай болатынын көз алдымызға
елестетерлік уақыт пайда болды.
1996 жылы сәуірде менің төрағалық етуіммен Жоғары
экономикалық кеңес құрылды. Жоғары экономикалық
кеңестің негізгі мақсаты стратегиялық сипаттағы әлеуметтік-
экономикалық проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар
әзірлеу, реформалардың барысын сараптау және оларды
жүзеге асыру бойынша түбе­гейлі жаңа ұсыныстар енгізу
болды. Кеңесті құру нарықтық экономиканың институция-
лық негізін қалаудағы принципті қадам болды. Жоғары
экономикалық кеңестің құрамына көрнекті ғалымдар, жоғары
өкілетті мемлекеттік қызметшілер мен түрлі саладағы сарап-
тамашылар кірді.
Жоғары экономикалық кеңестің негізгі құрамына ескі
қасаң пайымдаулар жүгінен аулақ жас кадрлар енгізілді.
Оларды жұмысқа қабылдаудағы басты шарт шетел тілдерін
емін-еркін игеруі, ғылымижетістіктерді және шаруашылықты
басқару саласындағы жұмыс тәжірибелерін меңгеруі болып
табылды. Олардың әрқайсысына экономиканың жекелеген
салалары бекітілді. Кадрларды тарту еліміздің одан әрі дамуы
жөніндегі жаңа идеялардың жаңа ағысын енгізуге жағдай
туғызды. Жігерлі жастар кертартпа аппараттың ортасынан
көзге бірден ерекше көрініп тұрды. Бүгінде олардың бәрі
түрлі ведомстволарда жұмыс істеп, стратегияны нақтыжүзеге
асыруда.
1996 жылдың өн бойында бұл топтың алдында негізгі екі
міндет тұрды. Біріншіден, құрылымдық реформаны жүргізу
мен стратегиялық жоспарлау саласындағы халықаралық
тәжірибені барынша зерттей отырып, елдерді неғұрлым көп
аралау талап етілді. Екіншіден, әрбір салада нұсқаулардың
жасалуымен жүйеленуіне міндеттелген ұлттық және шетелдік
сарапшылар топтарын құру қарастырылды. Міндеттерді
осылайша жинақтап зерттеу әдісі бүкіл жыл бойына жас