Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
407
«Байқоңыр» кешені бойынша қазақстандық-ресейлік
келісімшарт негізінің өзіндік ерекшелігі бар. Қол қойылып, жа-
салынып жатқан жаңа келісімдер тек бірлескен ғарышкерлік
қызметті ғана қамтып қоймайды, ең бастысы – Ресей Феде-
рациясы жалға алу жағдайындағы «Байқоңыр» кешенінің
жан-жақты тіршілік әрекетін де қамтиды. Сонымен бірге
«Байқоңыр» кешені дегенде, «Байқоңыр» ғарышайлағындағы
сынақтық, технологиялық, ғылыми, өндірістік-техникалық,
әлеуметтік және қамсыздандыру нысандарыжәне әлеуметтік
құқықтары тиісті екіжақты келісімдердің араласуымен
реттелетін, тек Ресей азаматтары ғана емес, Қазақстан Респуб-
ликасының азаматтары да тұратын Байқоңыр қаласы деп
түсінуіміз керек-ті.
Байқоңыр жөнінде негізгі әріптесімізбен арадағы қаты-
настарды орнықтырған келесі нақты қадам Қазақстан Рес-
публикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы келісім болды, соның негізінде 1994 жылы 10
желтоқсанда «Байқоңыр» ғарыш кешенін одан әрі он жылға
ұзартуға болатын, жиырма жыл мерзімге жалдау туралы
келісімшартқа қол қойылды. Бұл құжаттың кіріспесінде екі жақ
екі мемлекетті мүддесі үшін ғарыштық зерттеулердің одан әрі
жалғастырылуын қамтамасыз етуге екі жақтың да ниеті бар
екендігін айта отырып, осы қадамның Ресей мен Қазақстан
үшін тарихи маңызы бар екенін атап көрсетті.
Ғарыш айлағын пайдалану үшін төленетін жалақысы
115 млн АҚШ долларына тең болды. Екі жақтың жұмысын
реттеп отыратын орган болып, Қазақстан Республикасы
және РесейФедерациясы арасындағыӨзара ынтымақтастық
жөніндегі үкіметаралық комиссияның қарамағында бола-
тын «Байқоңыр» кешені жөніндегі комиссия көрсетілді.
Мен Байқоңырдың күрделі тағдыры туралы жиі ойлана-
мын. Мұнда ғарыштық биіктіктер мен жер үстінің проблема-
лары ұштасыпжататын, ол ешқашан екі жақтың ешқайсысына