Page 407 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
406
1994жылы28наурыздабіз, РесейФедерациясыныңПре­
зиденті Борис Николаевич Ельцин екеуміз, Байқоңыржөнінде
теңдесі жоқ жауапты шешім қабылдап, «Байқоңыр» ғарыш
айлағын пайдаланудың шарттары мен негізгі принциптері
туралы» халықаралық келісімге қол қойдық. Онда егеменді
екі мемлекеттің тарихында бірінші рет «Байқоңыр» ғарыш
кешенін жалға беру туралы мәселе қойылған.
Біз Ресей Президентімен екеуміз осы шешімді жария-
лағанда, Кремльдің Георгий залында таң-тамаша болған
дауыстар гу ете түсті.
Ресейліктер риза еді, өйткені жұмысты жалғастыру үшін
оларға да бұл бірден-бір қолайлы шешім болатын. Ал бір-
талай жылдан бері Халықаралық ғарышкерлік компаниясы
туралы идеямен жүрген қазақстандықтар опынып қалды.
Сонымен қатар «жалға беру» деген ұғымның өзіне көпшілік
түсінбей жатты. Мен мамандардың жалға беру деген тек
ғарыш айлағындағы нысандар мен техникаға ғана қатысы
бар, әңгіме адам туралы емес деп дәлелдеп жатқандарын
естідім. Шын мәнінде, барлық проблемалар сол «адам
факторына» тіреліп жатты. Ғарыш айлағын қаладан бөлуге
болмайтын. Ақырында біз «ғарышкерлік кешені» деген
атауды таптық, бұл ұғым ғарыш айлағының нысандарын
және Ленинскі қаласын тұрғындарымен бірге қамтыды. Тек
осындай жағдайда ғана ресейліктер Байқоңырдың одан
арғы қызмет жасауына баратын болды, біздің жақ осыны
қабылдады. Мен Байқоңырдағы біздің отандастарымыздың
мораль тұрғысынан алғанда қысым көру ықтималдығын
айқын түсіндім. Бірақ ғарышкерлік кешенінің ғылыми-
техникалық және интеллектуалдық әлеуетін сақтаудың
қажеттігі Қазақстанныңмемлекеттікмүдделерінен дежоғары
тұрды, ол әлемдік деңгейдегі міндет болатын. Сонымен қатар
бізге, қазақстандықтарға, ғарышкерлік қызметте орасан
зор тәжірибе жинақтаған ресейліктерден әлі де көп нәрсені
үйрену қажет еді.