Page 406 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
405
Қазақстанның мүддесіне қарай бұру болатын. 1993 жылдың
жазында ғарыш айлағына Қазақстан журналистерінің үлкен
бір тобы келді, мұнда олар ҚазақстанЖурналистер одағының
көшпелі мәжілісін өткізді.
Байқоңырды қорғау және қолдау қажет болды, өтпелі
кезеңнің, экономикалық және әлеуметтік төмендеудің
жалпы ТМД бойынша барлық проблемаларын мүдделілік
көрсеткен бұқаралық ақпарат құралдары жергілікті жердегі
қазақстандық атқару билігінің қауқарсыздығына жапты.
Ресейдің орталық телевизиялық арналары Байқоңырдың
құлдырауының «жан түршіктірерлік» көріністерін беріпжатты.
Бұған кінәлі ретінде, жанамалап болса да, «кеудемсоқтығы»
мол Қазақстанды айыптауға тырысты.
Уақыт және жағдай өз талаптарын қойды. Ресейжағының
қаржыны қысқартуына байланысты тоза бастаған Ғарыш-
керлік кешенді сақтауға шұғыл шаралар қабылдау керек
болды. Ленинскі қаласы бүтіндей Қазақстанның мемлекеттік
қамтамасыз етуінде болды, бірақ одақтықмаңызыбар қаланы
ұстап тұруға бюджет тапшылығы қол байлау жасады. Осы
кезде Байқоңырды кәдімгідей құрып кетуге апарып соқтыруы
мүмкін «адам факторының» дағдарысы пайда болды.
Адамдар, ғарыштық техниканың табылмайтын білікті
мамандары, ғаламның ғарыш айлағының романтиктері мен
патриоттары Байқоңырдан өздерінің тарихи отандарына
қоныс аудара бастады. Миграция ұлттық сипатта болған жоқ,
адамдар жай ғана тәуір тұрмыс пен тыныштықты іздеді.
Сондықтан республиканың Ұлттық Аэроғарыштық агент-
тігі бүкіл дүние жүзінен бірлесіп ғарыштық қызмет жасауға
әріптестер іздеді. Байқоңырдың негізінде Халықаралық
ғарыштық компания құру идеясы оның жұмысындағы басты
бағытқа айналды. Бірақ уақыт өтіп жатты, ғарыштық дамуды
және Байқоңырды игерудегі шын мәніндегі серіктестер тағы
да Ресей мен Қазақстан болып шықты.