Page 405 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
404
ғарышқа қарауға да уақыттарының жоқ екендігі айқын
көрінді. Ғарыш айлағын іс жүзінде қамтамасыз ету негізгі
ғарыштық бағдарламалары Байқоңырмен байланысты
болған Ресейдің және тарихи қалыптасқан жағдайлармен
оның меншік иесіне айналған Қазақстанның ғана қолынан
келетін еді.
Жас егемен мемлекеттің атқару билігінің жаңа түрі –
әкімшілік басшылығы Ленинскі қаласын да орағытып кеткен
жоқ. 1992жылы ақпанда меніңЖарлығыммен Байқоңырдың
тарихында бірінші рет Ленинскі қаласының әкімшілік басшысы
болып Виталий Брынкин тағайындалды.
Сол кезде ғарыш айлағының әкімшілік орталығы – Ле-
нинскі қаласы республикалық дәрежедегі қала мәртебесін
алды, алоған іргелесжатқанТөретамжәнеАқайелдімекендері
қала құрамына енді. Өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарына
қарамай, дәл осы уақытта қаланың коммуналдық қызметінің
негізі қаланды, Қазақстан Республикасының жергілікті
мемлекеттік органдары құрылды, ғарыш айлағында
қазақстандық қоғамдық ұйымдарды дамыту да белсенді
түрде жүріп жатты. Біздің республиканың көгілдір жалауы
Байқоңырдың үстінде сенімді түрде желбіреп тұрды.
1993 жылы 25 ақпанда Қазақ КСР-нің Ғарыштық зерт-
теулер агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық аэро-
ғарыштық агенттігіне айналдырылды, бас директоры болып
бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров тағайындалды.
Байқоңырда іле-шала «Байқоңыр ғарышайлағы» деп аталған
Қазақстанның Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің басқармасы
құрылды.
Қазақстанның Байқоңырдағыекі жылғыбасқаруы кезінде
біздің отандастарымыздың көбіне ғарыш айлағын көруге,
Қазақстан баспасөзіне жабық болған режимді нысандарды
көрсетуге мүмкіндік туды. Өйткені сол кездегі идеологиялық
міндеттердің бірі ғарыштық кешеннің мүмкіндіктерін