Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
403
Ел бюджетінің ғарыштық ведомстволар талаптарын
қамтамасыз ете алмайтындығы жұрттың бәріне айқын бо-
латын, ал бұл дегеніміз ғарыштық жобалардың іс жүзінде
тоқтауы деген сөз еді. Мен ғарыш айлағына келген барлық
республикалардың басшыларына: «Байқоңырда жұмыстың
тоқтамауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек» – дедім.
Біздің кеңестік-австриялық экипажбен ғарыштық бай-
ланысымыздың бірінші сеансы қалай болғаны әлі есімде.
Ұшу сапарларын басқару орталығының қызметкерлері,
менің «Мир» орбиталық стансасы арқылы Алматыдан
сөйлесуімді қамтамасыз ете отырып, ел Президентінің өзінің
ғарышкерлермен сөйлескісі келетініне таң қалғандарын
жасыра алмады. Менің халықаралық экипажбен сөйлескен
сөздерім кәдімгі қарапайым адамдық, керек десеңіз – әкелік
қамқорлық сөздер болатын.
Иә, қазақ халқының ұлы тұңғыш рет ғарышқа ұшты, мен
бұған өз мақтанышымды жасырған жоқпын. Өзіміздің ана
тілімізде сөйлескен кезде, Тоқтар ғарыштан қарағанда біздің
Жердің қандай әдемі екендігін және Қазақстанның аумағын
зерттеу жөнінде қандай сынақтар жүргізіп жатқанын айтты.
Жалпы, экипаж өте ынтымақты, көңілді, ұшқыр ойлы болып
шықты. Кейіннен Ұшу сапарларын басқару орталығының
басшысы Владимир Соловьев атап өткендей, жігіттер ор-
битада бірде-бір ақаусыз жұмыс істеді, бұл олардың тек
кәсіби біліктілігін ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге
шағын ұжымның ішіндегі қалыптасқан жағымды ортаны да
көрсететін еді.
Қ
иын перзент
– Б
айқоңыр
Байқоңыр – бұл, шындығында, Кеңес Одағының қолтума
перзенті. Бірақ, Қазақстан ең соңындажүрген «суверенитеттер
шеруінен» кейін, біздің бұрынғы одақтас республикалардың