Page 403 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
402
өз көзімен көріп: Құдайдың және Ғарыштың алдында біз –
пенделердің қаншалықты бір екенімізге көзі жеткен шығар»
деген ой келді маған.
Міне, ақырында, радиодағы дауыс, өзінің ресми үнінен
қайтып: «Ажырасу болды! Кеме орбитаға шығарылды!» деп
айғайлады.
Тыныштықты ду қол шапалақтау бұзып жіберді. Маңай­
дағылардың бәрі құшақтасып, бір-бірімен сүйісіп жатты.
Көбінің көзінде қуаныштың көз жасы тұрды. Көптеген
құттықтауларды қарсы ала тұрып, біз канцлер Враниц-
кий екеуміз өзімізді бақытты сезіндік: біздің елдерімізден
жұлдыздарға қарай жол салынды.
Қазақтың қонақжайлық дәстүріне сәйкес, Гагарин старт
кешені бір күнге, 1991 жылдың 2 қазанында, Қызылорда об­
лыстық атқару комитеті мен жергілікті атқару орындарының
тырысуы арқасында, безендірілген киіз үй қалашығына ай-
налды. Бұл жерде көл-көсір ас та, сыйлықтар да, базарлықтар
да, ұлттық киімдегі әртістер де, ең бастысы, менің қазақ
халқымның орнымен келген әділетті салтанат рухы бол-
ды. Байқоңырдағы күздің осы бір шуақты күні Қазақстан
ғарышкерлігінің жылнамасын ашты.
Біраз уақыттан кейін, осы жерде, бақылау пунктінің
аума­ғында, біз Австрияның канцлері Ф. Враницкий екеуміз
журналистерге баспасөз конференциясын бердік, онда мен
тағы да: «Байқоңыр – бұл кеңес халқының игілігі, бүкіл елдің
байлығы ғана емес, сонымен бірге біздің әлемдегі ортақ
басымдылығымыз» деп атап көрсеттім.
Осы жерде мен өзім жарлығыммен Қазақстанда
Ғарыштық зерттеулер бойынша агенттіктің құрылатындығын
және оны республика академиктерінің бірі басқаратынын
хабарладым. Біздің алдымызда, конверсия шеңберінде,
ғарышкешенініңмүмкіндіктерінҚазақстанныңэкономикалық
мүддесіне қарай бұру міндеті тұрды.