Page 402 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
401
рінісайдан-анықкөрініп тұр.Міне, қызмет көрсетіп тұрғанфер-
малар баяу қозғалып кейін жылжыды, бұрқ еткен ақ түтіннің
ортасынан көрінген, ғарыш кемесін өзімен бірге ілестіре,
айбынды оттышар көтерілді. Жердің тартылу күшінжеңе оты-
рып, зымыран көкке қарай ұмтылды. Тек біраз уақыт өткеннен
кейін ғана барып, бізге жерді сілкіндіріп жіберген қуатты гүріл
естілді.
Бұл әрбір адам Ғаламның қуатын және адамдардың
ғарыш алдындағы бірлігін шын мәнінде түйсінген ерекше бір
сезім еді. Өзінің ұлдарын қауіпті алыс сапарға шығарып сала
тұрып, жер тұрғындарының біртұтас жанұясына айналған
біздің бәріміз осы бір ғарыш стихиясының алдында өзіміздің
тең екендігімізді сезіндік.
Мен ғарышқа ұшу сапарларын бұрын да талай көргенмін,
бірақ бұл жолғы ұшу, әрине, ерекше болатын. Тұрғандардың
біреуі алақанын шапалақтап қалды. Мен: «Әлі ерте, қолды
орбитаға шыққаннан кейін соғу керек», – дедім.
Зымыран Байқоңырдың үстіндегі күздің ашық аспанына
қарай самғап барады. Оны көзден таса қылмай, жұрттың
бәрі кеменің ұшу траекториясын бақылап, жоғары қарап
тұр. Жалпы елдің толқуы маған да берілді, бірақ мен сабыр
сақтауға тырыстым. Иван Степанович Силаевтың бақылау
пунктінің күнқағарының астынан, зымыранды көремін деп
төмен еңкейгені сондай, таяныш сөреге жатып қалған сияқты
болды. Осыбір «жанды» суреті бар телевизия кадрларыдүние
жүзін айналып шықты.
Бұл кезде артында тек ақ жолақ ізін қалдырған «жұл­
дызшаның» көзден таса болғанына қарамастан, елдің бәрі
он минуттай, қобалжумен аспанға қарап тұрды.
Трибуналар босап қалды, жақсылап көру үшін елдің бәрі
алаңқайға жүгірді.
Тек Мәскеу митрополитті Питирим ғана сол орнында
қалып, алысқа ойлана қарап тұрды. «Бәлкім, ол осының бәрін