ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
400
гия» ғылыми-өнеркәсіп бірлестігінің бас директоры Юрий
Семенов пен «Байқоңыр» ғарыш айлағының бастығы,
генерал-лейтенант Алексей Шумилинге сәттілік тілеп, мен
№18 бақылау пунктіне келдім.
Бұл шағын старт алаңы жалаулармен безендіріліпті,
айналдыра киіз үйлер тігілген, олардың жанына Қазақстан
ғарышының тірі символы – ақ бота ноқтасынан байланыпты,
барлық жерде халық музыкасы естіліп тұрды.Маңайдағының
бәрі шағын мерекелік ауылды елестеткендей.
Стартқа дейін бірнеше минут қалды. Мағанжурналистер-
дің болып жатқан оқиғаға түсінік айтыңыз деп қайта-қайта
айтқан өтініштеріне құлақ асуға тура келді. Баспасөзге берген
өзімнің сұхбатымда: «Болашақта ғарышты игеруді Одақтың
барлық республикаларының қатысуымен іске асыру керек
деп ойлаймын, өйткені ғарыш айлағы – біздің дүниежүзілік
экономикалық жарыстағы бірден-бір басымдылығымыз», –
деп ерекше атап көрсеттім. Ал бақылау пунктінде жанымда
тұрған КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Иван Степанович
Силаев: «Нұрсұлтан Әбішұлы, мен Сізді толық қолдаймын.
Енді ғана жаңа экономикалық формация құрылды (ТМД-
ның құрылғанын айтып тұр), бұл ғарыш айлағының және
ғарышкеңістігін игерудің болашағына байланыстыжағдайды
өзгертеді. Осы жерде республикалардың барлық басшыла-
ры тұр. Және осы жағдайда, олардың өздері Байқоңырдың
мүмкіндіктерін, әлеуетін, орасан зорлығын өз көздерімен
көргендері маңызды», – деп қосты.
Міне, сөйтіп көтеріңкі дауыспен байланыс арқылы
минуттық дайындық жарияланды. Мен сағатыма қарадым,
тілектестік белгісі ретінде жанымда тұрған Тоқтардың туысы-
на: «Жолы болсын!» дедім. Айналада құлаққа ұрған танадай
тыныштық орнады, тек: «Стартқа кілтті аш, от алдыр, жібер!»
– деген нақты бұйрықтар естіліп тұрды.
Мыңдаған көздер металл конструкцияға оранған «Союз
ТМ-13» ғарышкемесі тұрған старт позициясына қадалды. Кө