Page 400 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
399
Кеңесінің төрағасыИван Степанович Силаев, барлық одақтас
республикалардың басшылары, Ресейдің, Қазақстанның,
Украинаның, Австрияныңқұрамында көп адамдарыбарделе-
гациялары, шетелмемлекеттерінің ғарышведомстволарының
өкілдері келді. Халықаралық экипаждың ұшуына көңіл аудару
саяси себептерге байланысты да жоғары болды. Бір айшама-
сыбұрын, 1991жылы31 тамызда, Қазақстанның территория-
сында орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағы республиканың
меншігі деп жарияланды. Сондықтан мені тек болғалы тұрған
ұшу ғана емес, сонымен қатар Байқоңырдың болашағы да
толғандырды.
1991 жылғы 2 қазан, сағат таңертеңгі 10:00. «Союз»
старт кешені құрастыру-сынақ корпусы алдындағы алаңға
ғарышкерлер: ресейлік Александр Волков, қазақстандық
Тоқтар Әубәкіров және австриялық Франц Фибек шықты.
Бірнеше килограмдық салмағы бар қондырғылармен
жабдықталған өздерінің скафандрларында олар ебедейсіз,
жерде алғашқы қадамдарын жасай бастаған нәресте сияқты
көрінді.
Командир, полковник ВолковМемлекеттік комиссияның
төрағасына саңқылдатып, экипаждың ұшуға дайын екендігін
мәлімдеді. ОсыжердеМемлекеттік комиссиясының төрағасы,
генерал Владимир Иванов, тегі, сол сәттің маңыздылығын
түсінген болуы керек, алдымен маған қарап, содан кейін
микрофондыӘубәкіровке бұрды, оның сөз айтуынамүмкіндік
берді.
Тоқтар абыржусыз қазақ тілінде: «Құрметті Президент!
Ғарышкер Әубәкіров Қазақстан жерінен ғарышқа ұшуға
дайын!» – деп рапорт берді, мен қолдап басымды изедім.
Барлығы жоспар бойынша жүріп жатты. Біз қонақтармен
бірге стартқа дайындықтың, ғарышкерлерді зымыранның
өзіне дейін шығарып салған барлық кезеңдеріне қатыстық.
Оларға және ұшуды басқару үшін бункерде қалған «Энер-