ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
398
ұшуы қарсаңында осы мерекелік шараларды ғарыш айла-
ғында Қазақстанның басшылығымен өткізу шешілді. Мен
республиканың Министрлер Кеңесіне Байқоңырдағы сал-
танатты дайындау мен өткізуді өз қолдарына алу жөнінде
тапсырма бердім. Үш айдың ішінде ұлан-ғайыр жұмыстар
атқарылды.
1991 жылы 12 сәуірде Байқоңырда менің қатысуыммен
кереметтей үлкен сауық болып өтті. Ол тікелей эфир арқылы
Мәскеугеберілді. Ленинскі қаласының көшелеріненмыңдаған
карнавал шеруі өтті, Орталық стадионда жұртшылыққа сирек
кездесетін жүк тасушы, бортында Ресейлік «Энергия – Буран»
атты зымырантасушы бар «Мрия» ұшағының үлгілі ұшуы
көрсетілді.
Байқоңырдың маңайындағы асығыс жасалынған иппо-
дромда ат жарыстары болды, ал ғарыш айлағының Гагарин
старт алған алаңында кеңестік эстрада жұлдыздарының гала-
концерті аншлагпен өтті.
Бір сөзбен айтқанда, фестиваль көлемі жағынан да,
елді баураған жан тебіренісі жағынан да ғарыштық болды.
Көрген жұрттың айтуы бойынша, Байқоңыр Жердің бірінші
перзентінің ғарышқа ұшуының 30-жылдығы құрметіне
өткізілген мұндай орасан зор көріністі – халықаралық
«Ғарыш, спорт, эстрада жұлдыздары» сияқты фестивальді
бұрын-соңды көрген емес. Бұл менің Байқоңырға екінші
келуім, ал Қазақстанның ғарышқа қарай жасаған алғашқы
саяси қадамы болатын.
Сөйтіп, тарихи күн – 1991 жылғы 2 қазан да келді. Бұл
Байқоңырға жасалған менің үшінші сапарым болатын. Мен
ғарыш айлағына таңертеңгі сағат 7-де ұшып келдім, 11:59-
да кеңестік-австриялық экипаждың старты күтілуде еді.
Бірнеше сағаттың ішінде 251-ші алаңқайдағы «Юбилейный»
аэропорты бірнеше ондаған ұшақтарды қабылдады. Ғарыш
айлағынаАвстрия канцлері ФранцВраницкий, КСРОЖоғарғы