Page 39 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
38
руларды талап етті. Іс жүзінде әңгіме егеменді мемлекет ретін­
дегі республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының
жаңа нарықтық моделіне көшу туралы болды. Сонымен бірге
экономикалық дағдарыстаншығудыңжан-жақты негізделген
жолдарын белгілеп, оның себептерін сараптан өткізумаңызды
болды.
Біз Сингапур өнегесіне қайта оралдық. Жер ресурстары,
табиғат байлығы, тіпті өзіндік азық-түлік тағамдары мен суы
болмаса да, бұл ел біршама қысқа кезеңде Оңтүстік-Шығыс
Азияның көшбасшысына айналды. Сингапур тәжірибесін
тыңғылықты зерттеу бұл елдің табысты болуының маңызды
факторларының бірі ретінде ұзақ мерзімді стратегиясы
мен айқын мақсаттары және оларға жету жөнінде жоғары
дәрежелі саясаты болғанын көрсетті. Көбінесе дәл осы факт
біздің ұзақ мерзімді стратегияның жасалуы үшін бастау алар
нүктесі санатында қызмет етті.
2030
жылға
дейінгі
Қ
азақстанның
даму
стратегиясы
азақстан
–2030)
Мен ұзақ мерзімді стратегия жасау туралышешімді 1995
жылдың аяғында қабылдадым. Қазақстан тәуелсіздігінің
бесінші жылы басталған. Сол уақытта біз жүзеге асырған
реформалар экономиканы тұрақтандыруға үміт ұялатты.
Тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстан тарихында 1996 жылдың
басына қарай экономика айтарлықтай болмаса да, ақиқатқа
негізделген ішкі жалпы өнім0,5 пайыз өскенін көрсетті. Келесі
30-40жыл ішінде өндіруге мүмкіндік беретін мұнай қорының
көлемі, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық бассейнінде
шетелдік инвесторлар белсенділігі мұнайдан түсетін кірістің
жылдан-жылға елеулі түрде өсетінін білдірді. «Өртті сөндіру»
кезеңі аяқталды, енді бізде сәл кідіріп, еліміздің он, жиырма