Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
397
ламаның ғылыми жағы бұрынырақ жасалып қойылған бо-
латын, ол өзінің жұлдызды сәтін күтіп жатқан. Бірінші қазақ
ғарышкерінің ұшуына байланысты бағдарламаға сәйкес
түзетулер енгізу қажет болды.
Ғарыш бағдарламасын дайындауға байланысты бәрі
осылай ап-анық болса, ал анау ғарышкерді дайындау жайы
оңайға түскен жоқ. Ұшу сапары кезектен тыс еді, дайындыққа
уақыт мүлде аз қалған және сондықтан ғарышкерге үміткер,
сол кезде Кеңес Одағының Батыры атағы бар, КСРО-ның
еңбегі сіңген сынаушы-ұшқышы Т. Әубәкіров негізгі эки-
паждың мүшесі ретінде, ал Т. Мұсабаев оның дублері ретінде
белгіленді.
Ресейдің ғарыш ведомстволарының және Ғарышкер-
лерді дайындау орталығының жоспарларындағы үлкен
өзгерістерге байланысты, жетекшілерімен, мамандар-
мен, әскери адамдармен көптеген келіссөздер жүргізіліп,
ақыл-кеңестер алынды. Нәтижесінде әзірге саяси шешім
қабылданғанға, дейін менің КСРО Қорғаныс министрі Дмит-
рий Язовқа және тіпті Кеңес Одағының Президенті Михаил
Горбачевке тікелей шығуыма тура келді.
1991 жылы ақпанда біздің шақыруымыз бойынша
Алматыға Мәскеуден ғалымдардың үлкен бір тобы – Ресей
ғарыш агенттігінің бас директоры Юрий Коптев, «Энергия»
ғылыми-өндірістік бірлестігініңбас директорыЮрийСеменов,
Ғарышкерлерді дайындау орталығының бастығы Владимир
Шаталов, КСРО Ғарыштық зерттеу институтының директоры
және т.б. ғарыш мамандары келді. Республиканың Ғылым
академиясында кездесу болды, нәтижесінде Қазақстанның
бірінші ғарыш бағдарламасы бекітілді.
Осы уақыттарда Байқоңырда Юрий Гагариннің ғарыш-
қа ұшуының 30 жылдығын ұйымдастыру жөнінде Одақ
және Ресей ведомстволарының басшыларымен де қатарлас
келіссөздер жүріп жатқан. Бірінші қазақ ғарышкерінің