ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
396
Осы жылдардың бәрінде Байқоңыр Қазақстан үшін
жабық болды, енді қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшатын
уақыты келді – өмірдің өзі тудырған, менің дәлелім
қарапайымда қисындыболды. Бақытымызға қарай, одақтық
басшылықтың көптеген өкілдері мұндай ұшу сапарынжерінен
отыз жыл бойы ғарышқа ғарыш кемелері самғап жатқан
республика үшін әділеттіліктің ишарасы деп түсінді. Мен
Қазақстанның ғарышқа қарай жасайтын осы бір алғашқы
қадамы уақыттың өзі қойған талабы екенін айқын ұғындым.
Ғарышкер болуға үміткерлерді іздеу сияқты едәуір
қиын жұмыс басталды. Оларды әскери ұшқыштар арасынан
іздедік. Мен КСРОҚорғаныс министрінен Әскери әуе күштері
қызметкерлерінің арасынан ұшқыш қазақты іздеулерін
сұрадым. Шағын ұшақтармен биікке ұшудан рекордтар
жасаған нұсқаушы-ұшқыш – Талғат Мұсабаевтың кандида-
турасын ұсынды. Бірақ оны дайындауға уақыт қажет болды.
Одақтықғарышведомствосыбіздіңғарышкерді асақаламады,
кезекте олардың өздерінікі тұрды. Бірақ мен бұл мәселені
жылдам шешкім келді. Өйткені М.С. Горбачевпен және
Қорғаныс министрлігімен жүргізілген ауыр келіссөздердің
барысында бұл мәселе шешілген болатын. Бірде мен біздің
газеттерді оқып отырсам, Шымбұлақта біздің жерлесіміз
– әскери ұшақтардың сынаушы-ұшқышы Тоқтар Әубәкіров
демалып жатыр дегенді жазыпты. Мен қолма-қол оны өзіме
шақырып алдым. Содан кейін-ақ қандай қиындықтар болды
десеңізші: біресе оның жасы 45-те, жарамайды деді, біресе
денсаулығынан кінәрат тауып алды. Бірақ мен де тұрып ал-
дым, ақыры ол ғарышқа көтерілді.
Бірнеше айдың ішінде Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы-
ның Президенті Өмірзақ Сұлтанғазин және Виктор Дроб-
жев бастаған республиканың жетекші ғалымдары, менің
тапсырмам бойынша, Қазақстанның бірінші ұлттық ғарыш
бағдарламасын құрастыруға кірісті. Атап айту керек, бағдар-