Ж
ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН
Қ
АЗАҚСТАН
395
және сақтау Кеңес Одағы республикаларының ортақ күш
салуының арқасында ғана мүмкін екендігіне баса назар ау-
дардым. Ғарыш айлағының жаңа, қазақстандық мәртебесі
туралы ой әлі ешкімнің басына қона алмай, ауада қалқып
жүр еді. Сондықтан осында отырған адамдардың ой-ниетінің
әрқилы екенін айтпай-ақ көруге болатын. Байқоңырға
Қазақстанның Президенті ретінде барған бірінші сапарымда
біз «Прогресс» жүк тасу кемесінің дайындығын көрдік. Сол
кезде ғарышайлағындажылына екі рет, көктемдежәне күзде,
пилот басқаратын ұшыру іске асырылатын, қазір де солай.
Мен біздің ғарышкердің ұшуы қажеттігі туралы мәселені күн
тәртібіне қойдым, әңгіме іс жүзінде 1991 жылдың қыркүйек-
қазаны туралы болды.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы Ғалам жағалауындағы
бірінші айлаққа айналды. 1954 жылы ғарыш айлағын
салатын жерді таңдап алу үшін Мемлекеттік комиссия
құрылды. Комиссияның төрағасы болып «Капустин Яр»
сынақ полигонының бастығы, артиллерия генерал-
лейтенанты В.И. Вознюк тағайындалды. Елдің бірнеше
аудандарында болып, жер жағдайын байқағаннан кейін,
комиссия ғарыш айлағын Арал теңізінен шығысқа қарай
жатқан Байқоңыр елді мекенінен бірнеше жүз шақырым
қашықтықтағыҚазақстанныңшөлді өңіріне орналастыруды
ұсынды. Бұл жердің басқалармен салыстырғанда бірнеше
артықшылықтары бар еді. Атап айтқанда, олар: ғарыш
айлағының ғана емес, сонымен бірге зымыранды ұшыру
трассасының өн бойындағы жерлерде де халықтың аз
қоныстануы; ортаазиялық ірі Сырдария өзенінің болуы; таяу
маңнан теміржол магистралі мен автомобиль трассасының
өтуі; үш жүз күн бойы күннің жарқырап тұруы және, ең
бастысы, Жер айналып тұрғанда, қосымша жылдамдықты
пайдалануғамүмкіндік беретін, экваторғажақынорналасуы
болатын.