ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
394
Оның көкейтестілігі КСРО-ның өміріндегі болғалы тұрған
үлкен өзгерістердің қарсаңында тіпті айқындала түсті. Жал-
пы бұл идеяны қолдаған Ресейдің ғарыштық және әскери
ведомстволарының басшыларымен алдын ала келіскеннен
кейін, біз КСРО Жалпы машина жасау министрі Олег Нико-
лаевич Шишкин екеуміз арнайы ұшақпен ғарыш айлағына
ұшып келдік.
1991 жылы 12 қаңтарда Байқоңыр бізді қоңырқай
күн райымен қарсы алды. Ленинскі қаласының «Крайний»
әуежайына ұшып келген ұшақтың басқышынан түсіп келе
жатқан мен, бізді қарсы алған әскери басшылардың сұр
шинельдерінің арғыжағынан жабырқау табиғаттың көрінісін
байқағанмын. Кенет қыстың ызғарлы аязы мен өңменіңнен
өтетін желіне қарамай, от-жалындай шалқып, қолдарында
гүл шоқтары бар балалар маған қарай жүгіріп келе жатты.
Бес-алты жастағы қазақтың ұлы маған қан-қызыл қалампыр
гүлін ұсына берген. Мен сол кезде еріксіз ойланып қалдым.
Байқоңырға байланысты жоспарлардың, қандай да бол-
масын кедергілерге қарамай, іске асуы керек деген берік
ойға келдім. Мен үшін табан жолда Қазақстанның болашақ
ғарышкерлігінің рәмізіне ұқсап кеткен жеткіншек баланы
бауырыма басып, үлкен ризалық сезіммен қолын қыстым,
сонсоң жанында тұрған қыз баланың басынан сипадым.
Екі тәулік біз Байқоңырда жұмыс істедік. Жұмыс кестесі
өте тығыз болды. Маған ғарыш айлағындағы, Ленинскі
қаласындағы жағдайды бүге-шігесіне дейін білу, Байқоңыр-
дың іргесіндегі Төретам және Ақай елді мекендерінің
тұрғындарымен кездесу, республикалық ғарыш мектебіне
бару және ең бастысы – Қазақстанның атынан Байқоңырға
байланысты саяси мәлімдеме жасау керек болды. Орталық
және Қазақстан тележурналистері қатысқан баспасөз кон-
ференциясында мен Қазақстанның ғарыш кеңістігін игеруге
қатысу ниеті туралы айта келіп, ғарыш кешенін ұстап тұру