Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
37
Біз жүзеге асырған нарықтық экономикаға көшу кәсіп
орындардың шаруашылық қызметінің еркіндігі мен коммер-
циялануы, еркін баға құрылымы, кәсіпорындар қызметіне
мемлекеттің араласуының азайтылуы, әлемдік шаруашылық
байланыстар жүйесіне дәйектілікпен тартылуы, неғұрлым
жоғары тиімділік көрсететін салаларға нарықтық қатынас-
тардың таралуы секілді экономика қызметінің түйінді шарт-
тарын жасауды қарастырды.
Жұрттың көбі аталған міндеттер орындалмайды деп
санағаны құпия емес. Қарама-қарсы пікірлер де аз болмады,
бірақ таңдап алған бағытпен жүру және реформаны аяғына
дейін жеткізу керек болды. Менің терең сенімім бойынша,
жұмыс істейтін нарыққа көшуде бұл көшу қандай нұсқада
жүзеге асырылатынын, қандай нақтыжәне өзара байланысты
шаралар қолданылатынын, қандай мерзімге және қандай
дәйектілікпен орындалатынын анықтап алу өте маңызды
болды.
«Реформа барысында біз белгілеген барлық шаралар-
ды жүзеге асырдық деген ойдан мен аулақпын. Қателіктер
де, жаңсақтықтар да болды. Қазір де ондай қиындықтар
бар, сірә, алдағы уақытта да олардан құтыла алмаспыз.
Бірақ ең бастысыжасалды. Мемлекеттігіміз құрылды. Саяси
жүйенің, демократия мен азаматтық бостандықтың негізі
қаланды. Экономика өз табиғаты бойынша нарықтыңжаңа
заңдық негізінде жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге өмір
бір орнында тұрған жоқ. Реформалау сөзсіз тереңдетуді,
жаңа көлемді әрекеттерді талап етеді.
«Реформаның табысты болуы оған
аймақтардың белсене қатысуына байланысты»
атты сөйлеген сөзінен, 1996 жыл
Қазақстан экономикасының қолайлы дамуы одан терең
әлеуметтік бағыттарды және сапалы құрылымдық қайта құ