Page 388 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
387
бөлмекпіз. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы ерек-
ше. Біздің артықшылығымыз да, осал жеріміз де – осында.
Біздің ауылшаруашылық ғалымдарымыз күндердің күнінде
жеріміз бен ауа-райымызға барынша сәйкес келетіндақылдар
шығаратынына менің сенімім мол.
Ауыл шаруашылығының қазақстандық моделін жа-
сау шеңберіндегі екінші бағыт – бұл ауыл шаруашылығы
аумақтарын дамыту. Ауылдың айтарлықтай көтерілуі
шаруаның тұрмыс жағдайын, оның сапасын және тұрмыс
салтын батыл өзгертпей болмайды. Сондықтан біршама
күшті ауылдық аумақтарды абаттандыруға бағыттау керек.
Ең бастысы, шаруалар өз қарекетін, және өз ауылдарын
өздері жайластыруға мүмкіндіктері болуына жағдай туғызу.
Сонымен қатар, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына кіружоспарына сәйкес, «Қазына»
орнықты даму қорымен және «Самұрық» холдингімен
қатар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары, ал ауыл
шаруашылығы секторын дамыту үшін – ұлттық «ҚазАгро»
холдингі құрылмақ.
Жер реформасының негізгі жетістіктерін айта отыра, ең
бастысын ұмытып кетпеу керек. Ертеден келе жатқан: «Біз
табиғатты өз ата-бабаларымыздан мұраға алмаймыз, біз оны
өзіміздің ұрпақтарымыздан қарызға аламыз» деген мәтел
бар. Жер қатынастарының мәселелерін шешу жөнінде дәл
осындай қадамдар керек. Менің бұлай батыл айтуымжердің
нағыз қожасы ғана оған аялап қарайды және ұрпақтарға сол
күйде беріп кетеді деген сенімге негізделген.
Егер де сол уақытта менің бойымды билеген сезімдер
туралы айтатын болсақ, оларды тек сол кездерде осын-
дай шешім қабылдаған адам ғана түсінеді деп ойлаймын.
Мен мойнында халық алдындағы жауапкершілік жатқан
мемлекеттің жоғарғы басшысының жапа-жалғыздығы ту-
ралы айтқан көптеген аса көрнекті тарихи тұлғалардың,