ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
388
мемлекет басшыларының пікірлерімен келісемін. Бүкіл
ел үшін, оны сайлаған халық үшін, мемлекет Басшысына
ерекше жауапкершілік жүктеледі. Ол өзінің елі тұтқиылдан
қиындықтарға тап болмауы үшін барлығын жасауы керек,
ахуалдың шынайы дамуын сезінуі тиіс.
Дүниенің барлығын «иә» немесе «жоқ» деп түгендеп
шығу деген шын мәнінде болмайды, болашаққа үңілу қиын,
өткенді өзгерту мүмкін емес. Бұндай жағдайда тек қана күдік
пен күптілікті ғана сезінесің. Әрине, кеңесшілер бар, арасында
шетелдіктері де жоқ емес, көмекшілер де бар, кеңес бере ала-
тын Үкімет бар. Барлық, кейде қарама-қарсыбірін-бірі жоққа
шығаратын ұсыныстармен пікірлерді түгел тыңдағаннан кейін,
ең маңызды әрі тағдырлық шешімдерді қалай болғанда да
өзің қабылдауға тура келеді. Мұнан да мемлекеттің бірінші
басшысының орасан зор жауапкершілігі мен қиындықтарын
көруге болады.
Бұрынғы елде жұмыс істеуге үйренген бұрынғы басқа-
рушы элитаның өкілдері жаңа жағдайда жұмыс істегілері
келмеді және жұмыс істей де алмады. Олардың көпшілігі
ұжымшарсыз және кеңшарсыз Қазақстанда аштық бола-
ды, ауыл шаруашылығының экономикасы күйрейді деген
қауіп айтты. Бірақ өмір басқаны көрсетті. Көп жылдар бірге
істеген ескі достармен айрылысуға да тура келді. Мен оларды
түсінетінмін, бірақ оларды қызметтерінде қалдыра алмадым,
өйткені іске кедергі болды. Олардың біреулері мұны түсінді,
екінші біреулері ашық оппозицияға кетті, менің біріншілеріне
де, екіншілеріне де араздығым да, өкпем де жоқ. Бізге
төрелікті тарихтың өзі берсін.
Осыған қарамастан жүргізілген реформалардың тиім-
ділігініңарқасында, еліміздіңорнықтыдамуын, экономиканың
одан әрі өсуін, халықтың әл-ауқатының көтерілуін қамтамасыз
ететін бекініс жасадық деп, біздің толық негізде айтуымызға
болады.