Page 387 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
386
мұныбұрынырақта айтқанмын, бұлжерде бірінші және негізгі
бағытқа ауылшаруашылық өнім өндірушілердің бәсекеге
қабілеттілігі жатады. Мен бұл туралы жиі айтамын, соған
қарамастан, кейде маған, осы сөздерді ауыл тұрғындары
әлі күнге дейін көкейлеріне түймеген болып көрінеді. Олар
көбіне алдағы болғалы тұрған Дүниежүзілік сауда ұйымына
кіру және импорттық өнімдердің қаптап кететіні туралы
ғана ойлайды. Менің ойымша, бұл қисынсыз. Өздеріңіз
ойлаңыздаршы, біздің өндірушілерге өз тауарларын тасы-
малдау және орналастыру туралы алаңдаудың қажеті жоқ, ал
мұның өзі көп жағдайда шығынды азайтады. Сонымен қатар,
енді олар тұтынушылар мен рынокты жақсы білетін болды.
Және ең бастысы – бұларды тұтынушы жақсы білетін бол-
ды. Кез келген батыс компаниясы үшін осы артықшылықтар
– бірден-бір қажеттісі. Шығынды азайтыңдар, сапаны
көтеріңдер, тұтынушымен жұмыс істеңдер – сонда ешқандай
да еуропалық тауық немесе ұн сендердің рыноктарыңды еш
уақытта жаулап ала алмайды. Ал қандай да болмасын мем-
лекет тарапынан болатын қорғау шараларын немесе қатаң
қамқоршылдық саясатты ұмытуға болады. Біз енді ешуақытта
бұған қайтып оралмаймыз. Қазақстан нарығына келгісі
келгендерді шектемей-ақ, біз өзіміздің ауылшаруашылық
өнім өндірушілерін қолдаймыз және олардың бизнесінің
дамуына қолайлы жағдай жасаймыз.
Бәрінен бұрын, біз ауылшаруашылық өнімдерін ұқсату
саласын дамытуымыз керек. Қазақстан – астықты экспортқа
шығаратын ірі ел. Алайда оны ұқсататын саланы дамытатын
болсақ, біз ақырғы өнімді экспорттаушыға айналамыз, бұлай
жасау әлдеқайда тиімді. Біздің ауылшаруашылық өнімдеріміз
халықаралық стандарттарға көшірілуі тиіс. Қазірдің өзінде
астықты, сүтті, бағбаншылық пен көкөніс өнімдерін және
мақтаны ұқсату жөнінде кластерді қалыптастыруда көп
жұмыс істелді. Біз аграрлық ғылымды дамытуға зор көңіл