Page 386 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
385
долларына, Канадада –17мың АҚШдолларына тең көрінеді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығының бір қызметкеріне әзірге
жылына 900 АҚШ доллары келеді.
Сондықтан мемлекеттің таяу арадағы негізгі мақсаты –
мемлекеттің ешқандай тікелей араласуынсыз, еңбек өнімділігі
жоғарыжәнебәсекегеқабілетті жекеменшік агроөнеркәсібінің
қызмет істеуі үшін қолайлыжағдайларды қалыптастыру. Таяу
уақыттарда Қазақстанның ауыл шаруашылығында инвести-
циялық тартымдылықты және осы саланың экономикалық
тиімділігін ынталандыратын, өркениеттендірілген жер қаты-
настарының орнайтынына менің сенімім мол.
Осындай оптимистік болжауларжасауға, менің пікірімше,
мүмкіндік беретін не нәрсе? Бұл – біріншіден, жер қатынаста-
рын реформалау саласындағыжетістіктер: ауылшаруашылық
мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығының енгізілуі,
қосалқы жалгерлік институтын жою, жер заңнамасын
жүйелеу. Екіншіден, ауылдағы жағдайдың жақсарғандығын
дәлелдейтін аграрлық сектордың соңғы жылдардағы
экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуі. Үшіншіден, Жер
Кодексінің қабылдануы жер қатынастарындағы реформа-
ның аяқталғандығын көрсетпейді.
Эволюциялық үрдісшексіз, яғнибіз бірлесіп келешек тура-
лы ойлауымыз керек. Мысалы, «Қазақстан Республикасының
Жер Кодексіне қосымшалар енгізу туралы» Заң қабылданды,
осыған сәйкес 9-ыншы және 13-інші баптарға қосымшалар
енгізілді. Бұлар бойынша жер телімдерін халықаралық
ұйымдар қатынасатын ғылыми орталықтарға тегін беру, сол
сияқты және жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін
берудің Ережелерін бекіту жөніндегі Үкіметтің құзыретін
кеңейту қарастырылған.
Енді жергежекеменшік енгізілгеннен кейін, айтыпжүрген,
ауыл шаруашылығының өзіміз таңдап алған моделін іске
асыру жөнінде бұдан да батыл шараларға кірісе аламыз. Мен