ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
384
өндірушілерге несие алу әлі де қиын. Жер нарығының дамуы-
на байланысты бұл проблемалар біртіндеп жоғалады.
Осымен қатар істің бюрократтығын одан әрі азайту шара-
ларықабылдануы керек. Тек қазірдің өзінде барлықжерлерде
мемлекеттік органдардың қызметінде «бір терезе принципі»
енгізілді және нәтижелі қызмет атқарып тұр. Лицензиялау
түрлерінің саны азаюда. Жер бөліктеріне құқық алу тәртібі
біраздан кейін мүлде жеңілдейтін болады. Бұл проблема
мемлекеттік органдардың әртүрлі қозғалмайтын мүлікке
құқықты тіркеу жүйесінің жетілмегендігіне және бірін-бірі
қайталайтындығына байланысты болып отыр. Қазақстанда
электронды үкіметтің дамуымен, қарапайымшаруаларға жер
құқығын бекітетін құжаттарды алудың тәртібін жеңілдететін,
электронды кадастр жасалады.
Сонымен қатар реформаны жүргізу барысында жалпы
салаға баса назар аудару қажет, себебі ауылшаруашылығы–
бұл экономиканыңбір саласы ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік
мәселелердің үлкенжиынтығы. Бұл саламемлекеттің өмірінде
ерекшерөлатқарады. Бұғанқоса, ауылшаруашылығынқолдай
отырып, мемлекет масылдық менталитеттің қалыптасуына өзі
жағдай туғызып алмауы керек.
Мемлекет қолайлыжағдайды тек болашағыбаржерлерге
ғана туғызады. Бұл қолдау инфрақұрылымға және әлеуметтік
салаға инвестиция салу түрінде болады. Дәлірек айтқанда,
ол салынатын мектептер, ауруханалар, жолдар және ауыз-
сумен қамтамасыз ету жүйесі түрінде болмақ. Тиімді ауыл
шаруашылығын қалыптастыру, бірінші кезекте, фермерлік
шаруашылықтардың өздеріне, адамдардың жаңа нарықтық
принциптер бойынша жұмыс істеу және оған сәйкес қайтадан
оқып-үйрену ниеттеріне байланысты. Тиімді шаруашылықты
қалыптастырудың үлгісі ретінде мынадай мысалды келтіруге
болады. АҚШ-та 1 фермер жылына 38 мың доллар өнім
өндіреді екен. Бұл көрсеткіш Австралияда – 22 мың АҚШ