Page 384 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
383
Ауылшаруашылығыжалпыөнімінің көлемі 2006жылдың
бірінші жартыжылдығындажалпыреспублика бойынша 77,5
млрд теңге болды, бұл 2005жылдың осы кезеңіне қарағанда
3,8% артық.
Сонымен қатар, жер реформасын одан әрі тереңдетуге
байланыстыжәне Қазақстандағыжер нарығының өркениетті
түрде қызмет істейбастауына серпінберу үшін үлкенжұмыстар
атқарудың қажеттігін мен түсінемін.
Мемлекет үнемі іске асырылып жатқан жер реформасы-
ның негізгі жағдайларымен және оны іске асырудың тетік-
терімен ауыл халқын үздіксіз хабардар етіп тұруы тиіс.
Фермерлерді қолдайтын тұрақты консультациялық-құқықтық
жүйені қалыптастыру, жерді тиімді пайдалануғажәне топырақ
құнарлығын арттыруға жұртты ынталандырып отыратын
тетіктер жасалуы керек.
Қазіргі кезде бекітілген жер салығы мөлшерінің көлемі
жер қыртысы бонитетінің балдары бойынша есептеледі, ол
жердің кадастрлық (бағалаулық) құнына байланысты емес.
Жер тиімді пайдаланылмаған, оны өңдеудің тәртібі бұзылған,
оның пайдалану бағыты өзгерген жағдайда, Жер Кодексінде
жазалаушараларығанақарастырылған (жергеменшікқұқығы
және оныпайдалану құқығыжойылады). Нарықтық экономи-
ка жағдайында топырақ құнарлығын сақтауға, жерді үнемді
және тиімді пайдалануға ынталандыру үшін бұл шаралар
жеткіліксіз. Қарапайым тілмен айтқанда, үнемсіз пайдаланған
жағдайда тек қана жазалап қана қоймай, сондай-ақ жерге
ұқыптылықпен қараудыынталандырып отыруымыз да қажет.
Өйткені топырақ құнарын қалпына келтіруге байланыстыша-
ралар қолданғаннан гөрі тиісті талаптарды бұзбау әлдеқайда
оңай.
Ауыл шаруашылығын несиелеу жүйесін дамыту қажет.
Кепілдік базасының жетіспеушілігінен және банк пайыз-
дарының қымбаттығынан ауыл шаруашылығы тауарларын