ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
382
қайта сатуға тыйым салатын бұлшектеулер артықжәне тиімсіз
болып табылады. Бірақ ең басты нәрсе бұл емес.
Жер реформасының табысты болуы ұзақ мерзімді
кешенді шараларды іске асыруға тікелей байланысты. Ауыл-
шаруашылық мақсатындағы жерлердің жеке меншігіне
рұқсат еткенЖер Кодексінің қабылдануыҚазақстандағыжер
қатынастарын жетілдірудің және жер нарығын дамытудың
жолындағы тек алғашқы қадамдар ғана. Айта кету керек, осы
қадамның өзі-ақ экономиканың аграрлық саласын серпілтіп
тастады. Жеке капитал ауылдағы мемлекеттік саясатқа сенді
және енді қаржыны кәдімгідей агроөнеркәсіптік кешенге сала
бастады.
2002–2005 жылдарда ауылды қолдауға арналған
бағдарламаның уақытында қабылдануы өзінің нәтижесін
беруде. Мемлекет ауыл тұтынушысын қолдауға бір жарым
миллиард АҚШ долларын жұмсады. Бұдан басқа ерекше
салық жеңілдіктері берілді. Жанұялар тек жер салығын ғана
төлейді, ол барлық басқа салалар төлейтін салықтардың
20%-ы ғана. Мемлекет малды асылдандыруға, тұқымды
жақсартуға, суармалы жер шаруашылығына, минералды
тыңайтқыштарғадемеу қаржыберіпотыр. Инфрақұрылымды,
ауызсумен қамтамасыз етуді, мектептер мен ауруханалар
құрылысын жақсартуды қарастыратын ауылдық жерлерді
дамыту бағдарламасы өз алдына іске асырылды. Өндірілген
өнімнің шынайы иесіне айнала отырып, ауылдықтар лизинг-
ке қазіргі заманның техникасын сатып алуға қол жеткізді.
Аграрлық секторды жүйелі түрде дамытуға қажетті заңдар
қабылданды. Бұл жерде ауылдың мәселелерін жүйелі түрде
шешужөніндежұмыстаржүргізіпотырған ауылшаруашылығы
министрі Ахметжан Есімовтің еңбегін атап кеткен жөн.
Тәжірибелі маман, басқарушы, өз ісіне берілген адам,
тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардың ішіндегі ең үздік ауыл
шаруашылығы министрі.