Page 382 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
381
Кодекс қабылданғаннан кейін де ай бойы түйінді
мәселелер бойынша пікірталастар тоқталған жоқ, ал кезекті
астық жинау науқаны ауыл тұрғындарын жаңа Жер Кодексі
жағдайында өздерінің үйреншікті істерімен айналысуына
мәжбүр етті.
Ж
ер
К
одексін
қабылдағаннан
кейін
Мен осы тараудыжазған кезде,ЖерКодексінің қабылдан­
ғанына және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге
жеке меншіктің енгізілгеніне екі жылдан астам уақыт болып
еді. Мен қабылданғаншешімніңжәне таңдап алған саясаттың
дұрыстығына көзімді тағы да жеткізе түстім. Жеке меншік
қоғамдағы саяси тұрақтылықтың іргетасы болды және әлі
де бола бермек. Жер реформасы нарықтық институттардың
дамуы мен нығаюына бағытталған. Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жеке меншікті енгізуге қарсы бол-
ғандардың болжамдары, жерді «латифундистер» жаппай
сатып алып қояды деген сәуегейліктері ақталмады.
2004 жылғы 20 тамыздағы дерек бойынша, жеке мен-
шікке 30 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлер алыныпты. Сарапшылардың пікірінше, таяу арадағы
он жылда жердің 10-15%-дан аспайтын ғана көлемі са-
тып алынбақ. Жерге қойылған бағаның жоғары болуына
байланысты, фермерлер үшін ең қолайлысы – оны мемле-
кеттен жалға алу. Бұл біз сияқты жоспарлы экономикадан
нарықтыққа өткен Шығыс Германияның тәжірибесімен
дәлелденеді. 1991жылдан 2003жылдың өн бойындаШығыс
Германияда, мемлекеттің меншігінде болған жерлердің
бар-жоғы 6%-ы ғана сатып алынған. Бірақ ол тәжірибеге
қарамай-ақ, талқылау барысында депутаттар енгізген кейбір
шектеулер Жер Кодексінде орнын тапты. Менің ойымша,
жекелей алғанда, сатып алынғаннан бергі он жылдың ішінде