ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
380
Жер мәселесі шынында да даулы мәселе болды, ол
қазақстандық қоғамның әртүрлі топтары арасында сан алуан
пікірталастар, қайшылықтар туғызды. Сын түрінде айтылған
пікірлерді талдай келіп, біз жеке меншікке қарсылардың
келтірген уәждерінің көбі жеткілікті түрде дәлелді емес екенін
және қазақстандық жер пайдалану тәжірибесіне сәйкес
келмейтінін байқадық.
Мысалы, ең үлкен қауіпжерді «латифундистер» дейтіндер
сатып алады дегеннен шықты. Олар, шынында да, ауыл
шаруашылығында қосалқы жалгерлік жағдайында жұмыс
істейтін инвесторлар болып табылады. Сондықтан жер ша-
руалар үшін қол жетпестей болып қалуымүмкін деген сөздер
айтылды. Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде АҚШпен
Ресейде, мұндай компаниялар өндірісті интеграциялаушы
деп аталады, олардың иелігінде жер мүлде болмайды.
Жаңағыдай жағдайға жол бермеу үшін Кодексте белгілі бір
шаралар қарастырылды. Жердің бір қолға шоғырлануын
болдырмау мақсатында азаматтар мен заңды тұлғалардың
жеке меншігіне мемлекет ұсынған жер телімдерінің ақырғы
мөлшеріне шектеу енгізілді. Ауыл шаруашылығы жерлерін
ең алғашқы кезекте сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында
ауылшаруашылық білімі, аграрлық секторда жұмыс істеген
тәжірибесі баржәне аталмышауылда тұратыназаматтарғаша-
руа (фермерлік) қожалықтарын жүргізу үшін жер телімдерін
алуға артықша құқық беру қарастырылды.
Жер нарығын толықтай ырықтандыруды жақтаушылар
оны сатудағы, соның ішінде шетелдік азаматтарға қойылатын
барлық шектеулерді алып тастауды ұсынды. Бұл тұста ауыл
шаруашылығына шетелдік инвестицияны тарту қажеттігі
басты дәлел болды. Бұл уәж жеткілікті түрде дәлелді болма-
ды, өйткені, ауыл шаруашылығының ерекшелігін ескерсек,
әлемдегі барлық елдерде ауыл шаруашылығы секторына
демеу қаражаты көрсетіледі және онда тек ұлттық капитал
ғана жұмыс істейді.