Page 380 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
379
қызу шиеленіспен өтіп, еліміздің ауыл шаруашылығын ре-
формалау жөніндегі ең соңғы ірі қадам жүзеге асырылды,
сондықтанжаңаЖер Кодексі ауыл тұрғындарының игілігі мен
Қазақстан ауылдарының қалыптасуына жұмыс істеуі керек.
2003 жылдың 20 маусымында мен Жер Кодексіне
қол қой­дым, оның ең басты және маңызды өзгерісі ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік инсти-
тутының енгізілуі болды.
Республиканың ерекшелігі мен өткендегі тәжірибесін
ескере келіп, Кодекс жер пайдаланудың үш түрін – тұрақты
пайдалану, уақытша пайдалану (жалға беру) және жеке
меншік түрлерін қарастырды. Кодекске сәйкес, мемлекеттік
кәсіпорындар тұрақты жер пайдаланушылар болды, ал
шетелдіктерменшетелдік заңды тұлғалардың кемінде 10жыл
мерзімге тек жалға алуға ғана құқығы болды, бірақ олардың
жер телімдерін кепілдікке беруден басқа ешқандай келісім
жасауға құқығы болмады. Енді Қазақстан Республикасының
жеке тұлғаларымен мемлекеттік емес заңды тұлғаларымем-
лекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
телімдерін иеленуге жеке меншік құқығын алды. Сонымен
қатар аталмышжер телімдеріне иелік ету құқығын кадастрлық
құны (бағаланған) бойынша және Үкімет тағайындаған
кадастрлықтың 75%-ы мөлшерінде, жеңілдетілген баға бо-
йынша сатып алуғаболады. Осыекі жағдайдадажердіңқұнын
10 жыл мерзімге дейін бөліп-бөліп төлеу қарастырылған.
Жеке меншік институтымен қатар 49 жылға дейін жалға беру
институты сақталды, бірақ оны кепілге беруден басқа қандай
да бір келісім жасауға болмайды. Басқаша айтқанда, жерді
мемлекеттен міндетті түрде сатып алу шарт емес, оны жалға
алу мерзімінжалғастыра беруге болады. Ауылшаруашылығы
мақсатындағыжерлерді жеке меншікке сатудан түскен қаржы
Ұлттық қорға аударылады.