Page 379 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
378
Мәжіліс спикері арасындағы жақсы қалыптаспаған қатынас
та бұл жерде аз рөл атқарған жоқ.
Экономиканың жақсы өсу қарқынымен бірге бізде аза­
маттардың әлеуметтік жағдайын оңалту, мәдениетке, білім
беруге, денсаулық сақтауға баса көңіл бөліп, адам ресурста-
рын дамыту мүмкіндігі пайда болды. Бұл жұмысқа әлеуметтік
салада жұмыс тәжірибесі бар адам сай келетін еді. Сондай
адамИманғали Тасмағамбетов болды. Ол менің көптен бергі
сенімді әріптесім болатын. Әкім болып та үлгерген еді және
Үкіметке де тосыннан келген адам емес еді. Парламентке
ұсынылған заңдардың баяу қарастырылуы оның белсенді
болмысын бұзды. Осы жағдайды айқындай айтқанда, жас
ұрпаққа сабақ боларлық ақыл берсем деймін: мемлекеттің
жоғарғы басшылары ел мүддесі туралы әңгіме жүріп жат-
қанда, өздерінің сезімін ұстай білуі керек.
Үкімет отставкаға кеткен соң, мен Сенаттың да,Мәжілістің
де депутаттарымен кездестім. Үкімет ұсынған заңжобасының
нұсқасын сан рет түсіндіріп, қорғауыма тура келді. Жер мәсе-
лесінің шешілуі қарағайдың жас өскінін еске түсіреді. Ол
құрғақшылыққа, кейде дауылдатып соққан желдің екпініне
қарамастан, қасарысып биікке бой көтереді. Бірақ оның
жолында кездескен кедергілер осынау қуатты да сымбатты
ағашты бір бұратылған сиықсыз кейіпке түсіретіндей қатер
төндіртеді. Жеке меншікті енгізу керек пе, әлде керек емес пе
деген мәселелер ауыл шаруашылығының дамуы мен одан
әрі өсуі үшін кедергі болды, сондықтан оның шешімін ұзаққа
созу бізді мүлде «күдіктің құй батпағына» батырып жіберетін
еді.
Мен Конституциялық кеңеске жүгіндім: егер ол сол кезде
Жер Кодексінің барлық ережелерін Конституцияға сәйкес
деп таныса, мен оған қол қойған болар едім де, ал жоба іске
асып кетер еді. Алауыздықтыдепутаттармен тағыда талқылай
келіп, біз ортақ тіл таптық. Осылайша бұл кодекс үшін күрес