Page 37 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
36
арылту, жекешелендіру, біреулерді банкротқа ұшырату енді
біреулерді банкротболуданқұтқарумәселелері –реформаның
басты бағыты болды. Біз жүргізілген реформалардың
қорытындысын шығардық.
«Біріншіден,мынаныатапайтуқажет: Қазақстан тәуелсіз
егемен мемлекет ретінде орнықты, бейнелеп айтқанда,
дүние жүзінің саяси картасынан өз орнын алды;
Екіншіден. 1995 жылы тамызда жаңа Конституцияның
қабылдануымен еліміздің мемлекеттік құрылымының
іргетасы қаланды. Сонымен бірге мемлекеттік құрылыстың
бірінші кезеңі аяқталды;
Үшіншіден. Мемлекеттілікті нығайту мен күшейту мә­
селелерін шеше отырып, біз ұлтаралық келісімге, саяси
тұрақтылыққа, демократиялық үрдістердің дамуына, жаңа
саяси институттардың қалыптасуына ерекше маңыз бердік
және береміз. Елімізде әу бастан-ақ азаматтық құқықтар
мен адам бостандығына басымдылық берілген;
Төртіншіден. Реформаларды жүзеге асыруға және эко­
номикалық дербестікке жетуге байланысты экономикадағы
қаулаған бейберекет және көбіне дағдарысты үрдістің
кезеңі аяқталды. Ол анағұрлым ақылға қонымды және
басқарылатын арнаға түсті, дайындалған нақты бағдар-
ламалар мен жоспарлар бойынша әрекет етуге жағдай
туғызады, яғниоқиғалардан кейін қалмауға, қайта олардың
дамуын алдын ала болжауға мүмкіндік береді.
Ақыр соңында, бесіншіден. Біз әлеуметтік проблема-
ларды шешуге тікелей кірісе алдық. Зейнетақы мөлшерін
көтере бастадық, зейнеткерлер алдындағы борышымызды
өтедік, бюджеттік салада жалақы өсіріле бастады. Ауылға
нақты қол­ғабыс жасала бастады».
«Реформаның табысты болуы оған
аймақтардың белсене қатысуына байланысты»
атты сөйлеген сөзінен, 1996 жыл