Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
377
бопсалай бастады. Депутаттардың ұстанымымынадай болды:
«Егер де біздің өзгертулерімізді енгізбесеңдер – бүтіндей Заң
үшін дауыс бермейміз».
Сонымен, бір шегіністен кейін, бір баптан кейін бір бап;
ақырында, сен маған, мен саған деген сияқты, бап соңынан
бап талқыға түсті, ақырында, кабинет мүшелері Мәжілістен
Сенатқа мүлде өзгеріп кеткен нұсқа берілді дегенді айтысты.
Іс жүзінде, басқа заңнамалық акт берілді, ал Үкімет ұсынған
нұсқа кері қайтарылған болып шықты.
Парламент депутаттарының барлық дәлелдері мен
қарсылық уәждері, олар сайлаушыларының пікірін көрсе-
тетіндіктен, маңызды саналды, бірақ олардың бәрі бірдей
іске жарамды емес еді. Сөйтіп, екі жақтың да әрбір дәлелі,
әрбір қарсылығы ескеріліп, сарапталды, бағаланды, назарға
алынды. Әйтсе де, заңжобасының бірқатар баптарына Үкімет
енгізген өзгертулерге қарамастан, депутаттардың бұл мәселе
бойынша Үкімет ұстанымымен сай келмейтін ұстанымдары
айтылды. Бірден-бір құқықтық жол қалды, ол Парламенттің
Үкіметке сенім білдіруі туралы мәселе еді. Егер де Парла-
мент үштен екі дауыспен сенімсіздік білдіру туралы шешім
қабылдаса, онда Президент Парламентті немесе Үкіметті та-
ратуды шешуі керек. Егер Парламент сенімсіздік білдіру үшін
дауыс санын жинап ала алмаса, онда Үкіметтің заң жобасы
өтеді. Дауысқа салу кезінде дауыс былай бөлінді: Мәжілістің
жетпіс жеті депутатынан елу бес депутат және Парламент
Сенатының отыз жеті депутатынан үш депутат Үкіметке
сенімсіздік білдірді, бірақ та сенімсіздік білдіруге Сенаттың
үштен екісі дауыс беруі керек еді.
Сонымен, іс жүзінде бүкіл Парламент қажетті дауыс са-
нын жинай алмады. Алайда Иманғали Тасмағамбетов егер
де Мәжілістің елу бес депутаты (басым көпшілігі) оған қарсы
болса, онда ол Премьер-министр болып қала алмайтынын
айтты да, өз еркімен қызметтен кетемін деп шешті. Оны мен