Page 377 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
376
Үкіметтің келесі қарсылық білдіруі заңды және жеке
тұлғалар үшін жеке меншікті енгізудің түрлі мерзімдерінің
тағайындалуы жөнінде болды. Депутаттар ұсынған нұсқада
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Жер Кодексі
күшіне енісімен бірденжеке тұлғалардыңменшігіне, ал заңды
тұлғаларға тек 3,5 жылдан соң беру мәселесі айтылды. Бұл
шаруашылық субъектілері теңдігінің принципін бұзатын бол-
ды. Яғнижеке тұлға ретіндегі шаруа қожалығыжер телімдерін
жеке меншікке бірден сатып алса, ал заңды тұлға ретіндегі
өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктерге
мұндай құқық тек 3,5 жылдан соң ғана берілмек. Ал егер де
бұл заңды тұлғалардың жерлері олардың мүшелерінің, яғни
жеке тұлғалардыңшарттыжер үлестері есебінен құралатынын
ескеретін болсақ, онда заңды тұлғалар 3,5 жыл бойына өз
мүшелерінен жерді жалға алуы керек, басқаша айтқанда,
еңбек ұжымы өз-өзінен жерді жалға алуы тиіс. Бұл таңданыс
туғызды.
Мәжіліс депутаттары ұсынған қосалқы жалгерлікті 2007
жылға дейін ұзарту мәселесіне қатысты тағы бір келіспеушілік
болды. Үкіметтің пікірі бойынша, бұл нұсқа, бір жағынан,
жалға берушілердің масылдық мерзімін ұзартуға, екінші
жағынан, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнының
негізсіз өсуіне апарып соқтырған болар еді.
Принципті маңызыбар соңғыпункт – ауылшаруашылығы
мақсатындағы жерлерді сатудан түскен қаржыны дайын
тұрған Ұлттық қорда емес, жаңадан құрылатын институт-
тарда жинақтау туралы еді, мұның өзі қосымша бюджеттік
шығыстарды туындататын болды. Әрі концепциялы, әрі
принципті алауыздықтар көрер көзге айқын болып тұрды.
Үкіметтің ұстанымы: «Егер де Жер Кодексі осы нұсқасында
өтетін болса, онда ол біздің ауыл шаруашылығымызды
қиратуы мүмкін» дегенге келіп тірелді.
Бұл Заңның қабылдануы мүмкін екендігін түсінген
Үкіметтің кейбір шегіністерге баруын депутаттар өздерінше