Page 376 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
375
мауы шаруашылықтардың жерді пайдалану жауапкер-
шілігін төмендетті. Нәтижесінде қолданыстағы жер құқығы
ауылдағы нарықтық қатынастардың дамуын тежеп келді.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, мен 2003 жылға
арналып, 2002 жылдың сәуірінде жария болған Қазақстан
халқына Жолдауымда Үкіметке «Жерге жеке меншік туралы»
заң жобасын жасап, Парламентке ұсынуды тапсырдым. Заң
жобасын талқылау бойынша өріс алған пікірталастардың
нәтижесі жыл өткеннен кейін Үкімет пен Парламент арасында
текетірес туғызды да, оның ақыр соңы Үкіметтің отставкаға
кетуімен аяқталды.
Бұл текетірестің бірнеше негізгі себептері болды. Бірін-
шіден, жобаны жасаушылар депутаттардың жер телімдері
шартты жер үлестерін иемденушілерге тегін таратылып
берілсін деген ұсынысымен келісе алмады, өйткені бұлмұндай
үлесі жоқ азаматтардың конституциялық құқығын бұзу бо-
лып табылатын еді. Жердің өзі базалық және кадастрлық
құны бар өндіріс құралы болғандықтан да жағдай өте
күрделілене түсті. Үкімет қорғап шыққан екінші пункт жеке
меншікке сату үшін арналған телімдердің мөлшері тура-
лы болды. Оның алғашқы нұсқасында бұл ауданның ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің жалпы көлемінің
10%-ынан аспауын қарастырды, оған қоса түпкілікті шешім
қабылдау жергілікті биліктің еншісінде қалды. Мәжіліс Жер
Кодексінің жобасында екі есе кем көлемді бекітуді ұсынды.
Алайда мамандар бұл нұсқа барлық ауыл шаруашылығы
құрылымдарының 60%-ын бөлшектеп жібереді деп са-
нады. Яғни ірі жер иеленушілердің ауыл шаруашылығы
телімдерінің қандай да бір бөлшегі мемлекеттің иелігінде,
ал басқасы – жекелеген адамдардың қолында қалатын бол-
ды. Бұл инвесторларды үркітіп, қолданыстағы шаруашылық
субъектілерінің әрі қарай ұсақтап кетуін тудыратын еді.