Page 375 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
374
тұратын тұрғындар саны 579540 адамды құрайды, бұлар
өздерін ауылдықтармыз деп есептейді және ауыл пробле-
масына мемлекеттің назар аударуына үміттенеді. <...>».
Қазақстан Республикасы ауылдық
аумақтарының 2004–2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасынан
Дегенмен, шынында аграрлық секторды терең рефор-
малау, жер қатынастарына байланысты ең негізгі мәселені
шешу жердің түгелдей мемлекеттік меншікте болуынан
бас тартпайынша мүмкін болмады. Жерге үстемдік етуші
мемлекеттік меншік түрінің басты кемшілігі, оған деген
шалағай көзқарас, оны ұқыпсыз, тіпті астыртын пайдала-
ну болып келді. Мысалы, 2001 жылы Қазақстан Респу-
бликасы Президенті Әкімшілігінің жүргізген зерттеулері
3 мың гектар жерге астыртын егін егілгенін анықтады.
Жерді тек уақытша пайдалануды қарастырған заңнама
ауылшаруашылығында тұрақтыжер қатынастарының дамуы-
на ықпал етпеді және жер пайдаланушылардың ертеңгі күнге
дегенсенімінарттырмады. Атапайтқанда, ауылшаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жеке меншіктің жоқтығы аграрлық
секторда инвестицияның өсуіне кедергі келтірді. Жеке
меншік капитал тәуекелдікті барынша азайту мақсатымен
өзінің қаражат салымдарын алғашқыжылы-ақ пайда беретін
ең жақсы жерлерге салуға ұмтылды. Жер реформасының
үшінші кезеңінің басына таман ауыл шаруашылығы үлесіне
инвестицияның жалпы көлемінен небәрі 1,5% тиді.
Оның үстіне, қолданыстағы заңнама кепілдік қатынас-
тардың дамуына ықпал етпеді. Топырақ бонитеті және
бағалаудың осы заманғы әдістері туралы ақпараттың
жеткіліксіздігі жер салығы мөлшерін нақты айқындау мен
саралап жіктеуге мүмкіндік бермеді. Топырақ құнарлылығын
арттыруға ынталандыратын экономикалық тетіктің бол-