Page 374 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
373
демографиялық, көші-қон және әлеуметтік факторларды
да айтпай кетпеске болмайды.
Менің айтуыммен болашақта ауылдық аумақтардың
тұрғындарынқалайқоныстандырумоделінжасау тапсырылды.
Бірқатар уақыт тоқырап қалғаншағын қалалардың тағдырын
шешуді де батыл түрде айқындау қажет болды. Елімізге
келешегі бұлыңғыр аумақтардан дамыған аумақтарға, аудан
орталықтары мен шағын қалаларға қарай қоныс аудартатын
ішкі көші-қонды ынталандыру жөнінде мемлекеттік саясат
керек еді. Ол көші-қон тасқынын басқару мен жоспарлау,
орналастыру, тұрғын үй және жермен қамту, оралмандарға
жаңа мамандық беру мәселелерін ескеруі қажет болатын.
Қазақстанда ауылдық жерлерге адамдардың қоныс ау-
даруы, тарихи тұрғыдан алғанда, әсіресе кеңестік әміршілдік-
әкімшілдік экономика дәуірінде өте сәтсіз болды, мысалы,
бұл қазіргі нарықтық экономика тұрғысынан алып қарасақ та,
сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық түсініктер бойынша
да тымжайсыз еді. Нәтижесінде көптеген ауылдық жерлерде
экономикалық тоқырау үйреншікті жағдай болды.
«<...>дағдарыс ауылшаруашылығыөндірісінде тұрғын­
дардыңжаппай қоныс аударып көшуіне және ауылдық елді
мекендердегі өмірді қамтамасыз ету жүйесінің құлауына
әкелді. Бұл үрдіс қазір де жалғасуда. Тек 2000–2002 жыл-
дары 300-ге жуық елді мекендер өз-өзінен құрып кетті.
Әкімдіктердің мәліметі бойынша, бүгінде тұрғыныжоқ 136
қысқартылмаған ауылдық елді мекен есепте тұр.
Облыстық әкімдіктербергенресмимәліметтердегі 7660
ауылдық елді мекендердің 500-інен астамында тұратын
адам саны 50-ге жетпейді, сондай-ақ қалалардың (317)
шекаралық аумақтарына сансыз станциялар мен разъездер
(257), ауылдар біріктірілген, олардағы тұрғындар ісжүзінде
ауылшаруашылығыжұмыстарымен айналысады. Олардағы