Page 373 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
372
Адамға, оның өзі үшін және отбасы үшін табыс тауып,
күн көре алатындай жағдай туғызуға алдағы уақытта да
мақсатты жұмыс істеу керек, кім жұмыс істей біледі және кім
өзінің еңбексүйгіштігін көрсетеді, соларды қолдауға тиіспіз.
Міне, халық пен оның болашағы алдындағы мемлекеттік
жауапкершілік осыдан тұрады.
Мемлекеттің барлық қаржы-экономикалық, соның ішінде
әлеуметтік және ауылшаруашылықтық саясаты, тек адамдардың
өмір тіршілігі мен нарықтың жұмыс істеуі тұрғысынан тиімді
аумақтарға ғана сұрыпталып бағытталуы керек».
2003 жылға арналған Қазақстан халқына
Жолдауынан, 2002 жылдың сәуірі
Экономиканың басқа да салалары жоғары қарқынмен
өскен жағдайда еліміздің аграрлық секторы әлі де ауыр
жағдайда болды.Мысалы, 2000–2003жылдардың кезеңінде
жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі орташа
есеппен алғанда небәрі 8,2% болса, ал республиканың
барлық тұрғындарына (маусымға байланысты) шаққандағы
ауылдық аймақтар тұрғындарының үлесі – 35%-40%-ға
жуық болды. Ауыл шаруашылығы өндірісінде жаңа техно-
логиялардың баяу енгізілуі, қаржы ресурстарының жеткі-
ліксіздігі, сондай-ақ басшы кадрлардың басқарушылық
деңгейінің төмендігі себебінен ауыл еңбеккерлері жұмысының
өнімсіздігі көзге ұрып тұрды.
Елімізде мықты ауыл шаруашылығының секторы болуы
онымен байланысты минералдық тыңайтқыштар өндірісі,
ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, жеңіл және тамақ
өнеркәсібі, сондай-ақ технологиялық тізбек бойынша тағы
басқа да салаларды аяғынан тік тұрғызуға көмектескен
болар еді. Демек, мұндай экономикалық көрсеткіштердің
әсері еліміздің экономикасы үшін орасан зор болар еді.
Біздің ауылға деген ерекше көзқарасымызға себеп болған