Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
371
жерсіз қалып, дәстүрлі кәсібінен айрылған миллиондаған
шаруалар қалаға ағылып келе бастады. Содан соң онда,
әсіресе Тегеранда дау-жанжал іздеп, қарсылық білдірген-
дердің саны өсе түсті. Мұның бәрі қалай біткені баршаңызға
мәлім. Ал 70-ші жылдардың соңы шах билеген кезеңіндегі
Иран экономикасы үшін ең бір жақсы уақыт болған. Аяғы
қайғылы болып бітетіндей ештеңе сезілмеген-ді. Ол жылда-
ры Қазақстанның өзінде де бәрі тыныш секілді болғанмен,
Одақтың құлауы мен өмір сүру жағдайының нашарлауы
біздің адамдарды есеңгіретіп жіберді.
Жер реформасын жүргізе отырып, біз әрдайым ирандық
тәжірибені қайталамасақ екен деп алаңдадық. Бір кез-
дерде астық та мұнай секілді «сары алтын» аталып еді,
ал қазір ауыл тұрғындары өз күнін әрең көріп отыр. Олар
үкімет тарапынан көрсетілген көмектің азаюын да дұрыс
қабылдай бермеді. Бұл жағдайда ауылды және ауыл
тұрғындарының бұрыннан қалыптасқан тұрмысын рефор-
малау секілді әлеуметтік ауыртпалық әкелетін өзгерістерді
жүргізу күтпеген оқыс нәтижелерге апарып соқтыруымүмкін.
Экономикалық көрсеткіштержақсарып, қала тұрғындарының
тұрмыс деңгейі көтерілген сайын біз кеңестік экономиканың
жетілмегендігінен ауыл шаруашылығы, атап айтқанда, нақ
соның еңбеккерлері нарыққа өту кезеңінің зобалаңын көбірек
тартып, барлық қиындығын солар көріп отырғанын біз жақсы
түсіндік. Сонымен қатар, біз ауыл шаруашылығын жаппай
қаржыландырудың кеңестік жүйесіне қайтып оралудың
мүмкін еместігі туралы анық та ұғынықты етіп мәлімдедік.
«Жұрттың барлығына нақтылап айқын ұғындыратын нәрсе:
ауылды қолдау дүниенің бәрі-бәрісін түгелдей мемлекеттің
демеуші қаражаты мен қайтарымсыз қаржыландыруында
болмауы керек және олай болмайды да. Біз бұрынғы болған
масылдық пен мемлекеттік қамқорлықтың тәжірибесін қайта
қалпына келтіре алмаймыз және олай істемейміз.