Page 371 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
370
жасалды, онда аталмыш саланы дамытудың стратегиялық
бағыттары айқын берілді. Бағдарлама сондай-ақ ең жоғарғы
бәсекеге қабілеттілікке жету мақсатында мемлекеттік
қолдау басымдық болып саналатын салаларды, ақыр
соңында мемлекеттік қолдаудың нақты көлемі мен тетіктерін
айқындауға тиіс болды. 2003 жылғы Қазақстан халқына
Жолдауымда, менің айтуыммен, ауылды жаңарту Үкімет
жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі болып айқын-
далды, ал 2003–2005 жылдар ауылды жаңарту жылдары
болып жарияланды.
«Біз есте ұстауымыз керек: нақ осы ауыл тұрғындары кез кел-
ген ұлттың түпкі шыққан негізі болып табылады. Атап айтқанда,
ол бәрінен бұрын тұрақтылыққа және мықты эволюциялық
дамуға ұмтылады. Ол біздің ата-бабамыздың арман-тілегі
мен үмітін мәңгі-бақи санасында берік ұстап сақтағандықтан,
тәуелсіздік пен күшті мемлекеттілікті анағұрлым өткір және нәзік
қабылдайды».
2003 жылға арналған Қазақстан халқына
Жолдаудан, 2002 жылдың сәуірі
Ауыл тұрғындары туралы айтқанда, мен жер реформасы
біз үшін Иранның көрнекті мысал болатынын әрдайым еске
аламын. Қазақстан ауыл шаруашылығы секілді қиын саланы
түбегейлі реформалау үшін қолайлы уақытты таңдап алды.
Экономика, тұтастай алғанда, өсудің ұзақ кезеңін өткеріп
жатыр және оның келешегі толық үміт күттіретіндей болып
бой көрсетуде. Иран шахы кезінде осыған ұқсас әрекетке
барған. Кезекті араб-израиль соғысынан кейін оларға әлемдік
энергетика дағдарысы тап болған кезде елдің мұнайды экс-
порттаудан түскен кірістері бірнеше есе ұлғайған. Тегеранда-
ғы үкіметке еш нәрсе алаңдатпайтындай болып көрініп еді.
Алайда ауыл шаруашылығы реформаларының нәтижесінде