Page 370 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
369
мәлім, жерге жеке меншіктің енгізілуін көздеген 1999 жылғы
«Жер туралы» заң жобасын Үкімет Парламенттен кері
қайырып алды. Бұл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер-
лерге жеке меншік институтын енгізу қажеттігіне Парламент
мүшелерінің көзінжеткізу жөніндегі сәтсіз талпыныс еді. 2001
жылдың қаңтарында «Жер туралы» Заңның ымырашылдық
нұсқасының қабылдануы Парламент пен Үкімет арасындағы
пікірталастың нәтижесі болды. Алайда бұл заңда ауыл
шаруашылығымақсатындағыжерлергежекеменшік құқығын
енгізуді қарастырмады.
Жер реформасының бірінші және екінші кезеңдері де, со-
нымен қатар сол уақыттың ағымдағыміндеттерініңорындалуы
еліміздегі жер реформасындағы ең маңызды оқиға – ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншікті енгізу
алдындағы өзінше бір дайындық сатысы болып табылды.
Осы уақыт ішінде республикада 150 мыңнан астам шаруа
қожалықтары жұмыс істеді.
Ауылшаруашылығымақсатындағыжерлердің 40 пайызы
олардың пайдалануында болды, мұның өзі жердің азғантай
ғана топтың қолында шоғырлануына жол бермеді.
2003 жылға қарай еліміздің экономикасы 90-шы жыл-
дардағы дағдарыстан толықтай айығып қана қоймады,
дамудың жоғары қарқынын көрсетті. Соңғы жылдардың
ішінде жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсуі байқалады. Мысалы,
тек 2003жылы ғана еліміздіңжалпы ішкі өнімі 109,3%болды.
Республикаэкономикасындағыжалпықолайлыахуалаграрлық
секторды қолдау мен тереңдетілген реформаларды жүргізу
үшін қосымша едәуір қаржы бөлуге мүмкіндік берді. Деген-
мен, қолдау орталықтандырылған экономика кезеңіндегідей,
жаппай баршаны қамтитындай болмауы керек еді. Аграрлық
секторды қолдау ішінара сұрыпталған болуы қажет еді.
Менің тапсыруым бойынша «2003–2005 жылдарға
арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік Бағдарламасы»