Page 369 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
368
пайдалануды міндеттейтін жерді меншіктену рөліне үйрене
бастады. Ауыл тұрғындарының санасындағы нақ осы өзгеріс
біздің жерге жеке меншікті енгізуге қарай батыл қадам
жасауымызға – Қазақстан Республикасының жаңа Жер
Кодексін қабылдауымызға мүмкіндік берген шешуші фактор.
Ж
ер
К
одексінің жасалуы
мен
қабылдануы
,
2002–2003
жылдар
Жер Кодексін қабылдау және сонымен бірге ауыл шаруа-
шылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншікті енгізу мәсе-
лесіне еліміз бірден келе қалған жоқ, бұл өтпелі кезең мен
экономикадағы нарықтық қателіктерді дамыту жағдайында
жер заңнамасын жетілдірудің ұзақ эволюциялық жолы болды.
Жер реформасының бірінші және екінші кезеңдері, дұры-
сында, ауыл шаруашылығында сол кезде кенеттен болған
дағдарысты еңсеру жөніндегі өтпелі кезеңнің уақытша ша-
ралары еді. Реформаның бірінші кезеңінің негізгі мақсаты
жерге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мәртебесін
айқындау, олардың мемлекетпен өзара қатынасын ретке
келтіру болды. Ол кезде және сондай жағдайда жерге жеке
меншік деген ұғым, қалай десек те, қабылдарлық болма-
ды. Жер реформасының бірінші кезеңі социалистік жер
заңнамаларынан бас тартуды көздеді. Жермен жұмыс істеген
адамдардың барлығына олардың мемлекетпен арадағыжер
қатынастарына байланысты анық түсіністік беру қажет бол-
ды, ал мемлекет ол кезде жерге меншіктің ерекше дербес
құқығына ие болатын.
Жер реформасының екінші кезеңінің негізгі міндеті
аграрлық секторды нарықтық қатынастарға кеңінен тарту
болып табылды, өйткені жердің жекелеген категория-
ларына жалға беру институты мен жеке меншік құқығы
енгізілгендіктен, сондай қатысуға мүмкіндік туған. Өздеріңізге