Page 36 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
35
үндеуінде: «Бұл барлығымыздан құрбандықты талап ететін
ауыр да қиын соғыс болады, бірақ бізде басқа таңдау
жоқ» деп турасын айтты. Ол жеңіс үшін соғыста ауыр
қайғы мен азап шегу қажет болатынын халықтан жасыр-
мады. Қазақстан саяси тәуелсіздігін алды. Бірақ біз енді
экономикалық дербестігіміз үшін күресудеміз. Сондықтан
да мен Сіздерге ақтарыла ашық айтамын, Қазақстан
азаматтарының тікелей әрқайсынан, бірінші кезекте Сіздер
мен бізден анағұрлым артық күш салу талап етіледі».
Жоғарғы Кеңесте сөйлеген сөзінен,
9 маусым 1994 жыл
Осы дағдарыс жылдары экономикалық реформалар-
дан басқа, елімізде халықтың көңіл күйі мен әлеуметтік
теңдіктің, ұлтаралықтыныштықпентұрақтылықтыңсақталуына
күнделікті назар аударып отыру талап етілді. Сол кезде,
посткеңестік кеңістікте ұлтаралық кикілжіңдердің ошағы үсті-
үстіне пайда болып жатқанда, Қазақстан көптеген ұлттардың
ортақ үйі болып қала берді. Қазақстан, шын мәнінде, сан
миллиондаған адамдар үшін нағыз өз Отаны болды.
Сонымен қатар бізді елімізден орыс тілді тұрғындардың
кетуі ерекше алаңдатты. Біз аса құнды адам капиталын
жоғалту –республика үшін үлкеншығын екенінмойындадық.
Дәл сол себепті мен «қарапайым азамат тарға қарай
қарапайым 10 қадам жасау» бастамасымен шықтым,
осы арқылы көтеріле көшу қарқынын бәсеңдетуге және
азаматтық алу тәртібін жеңілдетуге тырыстық. Сол жылы
менің бастамаммен бо­лашақтағы экономикалық ықпалдасу
үшін идеологиялық іргетас ретінде Еуразиялық одақ идеясы
көтерілді. 1996 жылдың басына қарай реформалау үрдісі
толық қарқынмен жүрді. Бұл кезеңде макроэкономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз ету, заң шығару базасын, қаржы
жүйесін, әлеуметтік сала мен өндірістік секторды жетілдіру,
бұған қоса кәсіпорындарды монополиялық үстемдіктен