Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
367
Екі жылға созылған айтыстан кейін барып, 2001 жылдың
қаңтарында бұлмәселені шешудіңымыраға келушілік нұсқасы
ретінде «Жер туралы» Заң қабылданды. Алайда оны түпкілікті
деп бағалаудың жөні жоқ еді. Солай болғанымен де, заң
Қазақстан азаматтарына жерді жеке меншіктеу және оны
жалға беру құқығын берді, ал мұның өзі ауылдық жерлерде
экономикалық қатынастарды капиталдандыруды көздеген-ді.
Менің ойлауымша, бұл заңмен жерді меншіктенушілер табын
қалыптастыруға маңызды қадамжасалды. Бұл меншік иелері
ойдағыдайдамиотырып, кейінненжер реформасын толықтай
аяқтаудың басты күші болды.
2001 жылдың қаңтарында қабылданған Заңға сәйкес,
республикада жерге жеке меншік пен мемлекеттік меншік
тең жағдайда мойындалып, қорғалады. Мысалы, жеке
меншікке тікелей өз шаруасын, үй шаруасын (қосалқы), бау-
бақшасын және саяжай құрылысын жүргізу үшін ұсынылған
жер телімдерінен басқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерберілмеді. Ауылшаруашылығыжерлерінемемлекеттік
меншіктің қатынасына байланысты2001жылдың қаңтарында
қабылданған Заңның мәні бұдан бұрынғы заңдық актілермен
салыстырғанда өзгергенжоқ. Жершетелдіктермен азаматтық
алмаған тұлғалардың жеке меншігіне берілмеді, олардың
жерді тұрақты пайдалану құқығы мүмкін болмады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер тек тауар-
лы ауыл шаруашылығы өндірісін, қорғаныштық орман
ағаштарын өсіру жұмысын, ғылыми-зерттеу, тәжірибе және
оқу мекемелері жұмысын, қосалқы ауыл шаруашылығын,
бақшашылық пен мал шаруашылығын жүргізу үшін
республиканың заңды және жеке тұлғаларына беріледі.
Әрбір ауыл тұрғынына өзінің шартты жер үлесіне қалай
билік етуін өзі айқындау мүмкіндігі жер реформасының
екінші кезеңінің нәтижесі болып табылады. Ауыл тұрғындары
алдарынан ашылған жаңа мүмкіндіктерді барынша жақсы