Page 367 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
366
келеді. Атап айтқанда, біз мемлекет үшін жерге иелік ету
мен оны жалға беру құқығын өзіне қалдыруының тиімділігі
туралы пікірмен келістік. Жерге мемлекеттік иелікті сақтай
отырып, жерді сату-сатып алусыз жалға беру ауылдық жер-
лерде нарықтық тетіктердің шектеулі әрекетін қамтамасыз
ете алатын еді.
Нарықтық экономиканың одан әрі дамуы мен жер қаты­
настарындағы жаңа өзгешеліктердің пайда болуы «Жер
туралы» жаңа Заңның қабылдануын талап етті. Аталмыш
заң қалыптасқан жағдайды ескере отырып және нарықтық
экономиканың толыққанды жұмысын қамтамасыз ету үшін
қалыптасатынболашаққаарналып, қайтапысықталыпжасалды.
Парламент мүшелеріменболғанбір кездесуде ауылшаруашы-
лық мақ­сатындағы жерлерге жеке меншікті енгізу жөніндегі
пікірімді тағы да айттым. Бұл негіздей айтылған пікір болатын,
себебі дүниежүзілік тәжірибенің де, біздің практикамыздың
да көрсетіп отырғанындай, ауылшаруашылығындағыжағдай
көбіне-көп жер факторының нарықтық қатынастарда қай
мөлшерде қызмет ететініне байланыстыболады. Оның үстіне,
қазіргі қолданылмайжүрген заңнамалық актілер бұған қажетті
құқықтық базаларды жасады.
Бұдан кейінгі оқиғалар экономиканың аграрлық сек-
торы мен біздің халықтың мұндай күрт өзгерісті шешімге
әзір еместігін көрсетті. 1999 жылы шілдеде Республика
Парламентіне қайта пысықталып ұсынылған «Жер туралы»
Заң жобасын Үкімет жерге, соның ішінде ауыл шаруашылық
жерлеріне де жеке меншік енгізуді регламенттеу жайында сөз
болған ережелердің сыналуына байланысты кері қайтарып
алды. Заң жобасын жасаушылар бірқатар елеулі қателіктер
жіберген, себебі жобаны жасау жұмысына ғалымдар,
аграрлық сектордың қызметкерлері тартылмаған және, ең
бастысы, ауыл тұрғындарының мүддесі толықтай ескеріл-
меген.