Ж
ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
365
Бұл келеңсіз сәттердің барлығыжер реформасына қарсы
шығушылар сөздеріне желеу болды. Сондай-ақ олардың бұл
жорамалдары жерді жекелеген қолдарға бергеннен кейін
жерді пайдаланудың тиімділігі артқан жоқ деген сылтау-
мен ушықтырылды. Алайда жерге жеке меншік құқығының
енгізілуі, әсіресе, қазақстандық экономиканың, соның ішінде
ауылшаруашылығы секторының дамужағдайында, өте қысқа
мерзімде жерді пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуге және
ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға кепілдік
береді деп сендірсек, онда бұл қате болар еді.
Бұған қоса, жер телімдерімен алаяқтық операциялар
көбеймей қоймайды деген пікірлер де келтірілді, оған дәлел
ретінде таяу болашақта бағасы айтарлықтай өсуі мүмкін
шектеулі активтерге қаржы алаяқтарының қол салуына жер-
ге меншік құқығының заң жүзінде мойындалуы ықпал етеді
деген долбар да болды.
Өткенді көксеген көзқарастар да айтылды. Жерге
мемлекеттік меншікті жақтаушылар жер қатынастары екі
экономикалық нәтижені – кәсіпкерлік кіріс пен рентаны
туғызады деп сендірмек болды. Егер де жер иелері иемденсе
кәсіпкерлік кіріс әбден дәлелді болуы мүмкін, ал ренталық
кіріс жер иесінің еңбегі болып табылмайтындықтан рентаны
қоғам иемденуі керек қой.
Осылармен қатар жерге жеке меншікті сынаушылар
мәселеге жөнсіз саяси реңк берді, Қазақстанда жерге жеке
меншікті енгізу қазақ халқының тарихи орнықтылығы мен
салт-дәстүріне қайшы келіп, әлеуметтік толқуларға әкелуі
мүмкін деп соқты. Олардың пікірінше, меншікті қайта бөлісу
болмай қалмайды, мұның өзі жерге байланысты кикілжің-
дерді тудырады-мыс.
Өткенге көз жібере отырып, жерді жеке меншікке беруге
қарсы шығушылардың сөздерінде кейбір дәлелді қисындар
бар екенін және онымен келіспеске болмайтынын атап өткім