ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
364
Аграрлық секторда нарықтық қатынастарға қарай бет
бұру баяу жүрді. Бұл негізінен саланың өз ерекшелігіне
және еліміздің ауыл шаруашылығында жинақталған үлкен
проблемалардың жүгіне байланысты болды. Ауыл шаруа-
шылығында айналым капиталының болмауы саланың да-
муын тежеді; ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қарыз
ауыртпалығынан босату қаржының барлық проблемаларын
шеше алмады. Негізгі қорлармен активтерге мұқтаждық ауыл
тұрғындарын несиелер алу үшін коммерциялық банктерге
баруға мәжбүр етті, алайда жерге деген құқықты ипотекалық
несие алу үшін кепілге салудың нормативтік-құқықтық
базасының реттелмеуі, сондай-ақ кепілдік мүліктің өтімсіздігі
несие бермеуге негіз болды. Жерге жеке меншік кезінде эко-
номика ипотекалық несиелеудің бұрыннан жетіспей келген
тетігіне ие болатын еді де, сонда белгілі бір нақты меншік
құқығы қажетті қаржыны алу үшін жарамды кепіл бола ала-
тын еді.
Ауыл шаруашылығы сол уақытта ұзақ мерзімді инвести-
цияларға өте мұқтаж болды, ал шаруашылық жүргізуші
субъектілер заңмен қорғалатын жер шекаралары болмаған
жағдайда, олардың жерді уақытша пайдалануы ауыл
шаруашылығы секторына капиталдың ағылуын қамтамасыз
ете алмады. Сонымен бірге, жалға беру мерзімдерін
айқындаудағы, келісімшарттарды бекіту, олардың мерзімін
ұзарту мен бұзудағы басты рөл жергілікті деңгейдегі
шенеуніктердің қолында болды.
Мұндай жағдай жерді бөліп беру, оны астыртын пай-
далану және тапқан кірістерді жасырып қалу жөніндегі
әкімшілік шешімдерді көлегейлі сауданың құралына айнал-
дырды. Жекелеген сарапшылардың бағалауыбойынша, ауыл
шаруашылығы мақсатындағы бір гектар жерді жалға алу
жөніндегі әкімшілік шешімінің бағасы жиналған астық өнімі
құнының 6-дан 10 пайызына дейін жетті.